қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.10.2019

 Назар аударыңыз: конкурс!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.


Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары білімі бар, кем дегенде магистр дәрежесі, тіл біліктілігін растайтын сертификаттары (IELTS 6.5-тен төмен емес немесе TOEFL 543-тен төмен емес) бар, жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болатын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген тұлға болуы қажет. Басқа тілдерді (француз, қытай) білуі құпталады.


Microsoft Office бағдарламалық жасақтамасының тәжірибелі пайдаланушысы, оның ішінде Excel, Power Point, Word, Outlook. Сондай-ақ, Erasmus +, Mevlana, USHO, Fulbright, Horizon, DAAD халықаралық бағдарламаларымен жұмыс істеу тәжірибесі болуы шарт.


Қосымша ақпараттар:
Келесі бағыттар бойынша білімі болуы талап етіледі:

- жобалық және стратегиялық басқару негіздері;
- жоспарлау / болжау, SWOT талдау жүргізу принциптері.


Дағдылар:
- аналитикалық материалдар, қорытындылар жазу;
- өз ұстанымдарын дәйекті түрде қорғау.

Біліктілік:
- стратегиялық мақсаттарға сәйкес басымдық беру, негізгі мақсаттар мен міндеттерді бөліп көрсету;
- күрделі мәселелерді уақтылы шешу;
- көп мөлшерлі және қатаң мерзімде жұмыс істеу;
- серіктес университеттермен серіктестік және өзара әрекеттестік құру.


Қажетті жеке қасиеттер:бастамашылдық; сыни ойлау; топтық жұмыс; жоғары коммуникативті қасиеттер; сенім қалыптастыру, келіссөздер жүргізу, сендіру; команданы басқару; нұсқауларды орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдік; жаңашылдыққа ашықтық (үздіксіз даму); зейінді бөлу қабілеті; алдыңғы жұмыс орындарында кәсіби жетістіктері және оң беделінің болуы қажет.

 

Байқауға қатысуға үміткер тұлға хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) университет ректорының атына жазылған өтініш;
2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен);
5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;
6) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
7) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 5 жыл бойынша);
8) флюорожазба, медициналық кітапшаның көшірмесі;
9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама.


Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2019 жылғы қарашаның 1-не дейін.


Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13


Персоналды басқару бөлімі (каб.№102А); сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.


Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 34-35, 291-18-29

 

 



124

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler