қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2019

Семинар: «Жаңартылған білім беру жүйесіне көшудің өзекті мәселелері»

 

8 ақпан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да кәсіби бағдар беру мақсатында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің аға оқытушысы х.ғ.к. Айжан Сагимбаева және «6D011200-химия» мамандығының 2-ші жыл докторанты, оқытушы Лаура Қатпаеваның ұйымдастыруымен химия және биология тілдік бағыты тыңдаушыларына «Жаңартылған білім беру жүйесіне көшудің өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс өткізілді.

 

Дәрісті Жаратылыстану және география институтының доценті, п.ғ.к. Қалампыр Жұмағұлова және аға оқытушы, х.ғ.к. Жанар Жақсыбаева жүргізді. Аталмыш іс-шараға Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің деканы п.ғ.к., доцент Ғалия Таубаева, оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Салтанат Джунусова, әдіскер Анар Пернебекова және факультет оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты.

 

Іс-шара барысында жаңартылған білім мазмұнына көшу үрдісін ұйымдастырудың заманауи аспектілері қарастырылып, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары ішінде химия пәнінің алатын орны, химия мамандығының ерекшеліктері, университеттің ЖГИ «Химия» кафедрасының білім беру, ғылым мен тәрбие жұмыстарында қол жеткен жетістіктері жайлы танымды материалдарымен таныстырылды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler