қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2016

Пушкин кеші

Филолог-студенттердің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 ақпанында Пушкин шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Осы күн орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының өмірінде ерекше есте қалды.
С.А. Никитина, А.К. Казкенова профессорлардың жетекшілігімен бірінші, екінші және үшінші курс студенттері әдеби-әуенді композиция ұсынды. Ақынның махаббат лирикасы, шығармашылығындағы Мәскеу мен Петербург тақырыптарындағы өлеңдері оқылып, А.С.Пушкиннің сөзіне жазылған романстар шырқалды.
Жиналған көрермен ертегі мен повестерді сахналау бөлімінде өз білімін көрестіп, кештің тікелей қатысушысы атанды.
Корея елінен келген студенттердің орындауындағы Пушкин өлеңдері ерекше әсерлі естілді.


Әдеби кешке қатысқан Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы ресми өкілі Ирина Перевезева студенттер мен оқытушыларға алғыс сөзін білдіріп, бұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылуын қолдайтынын айтты.
Әдеби шаралар студенттің шығармашылық қабілетін анықтап, дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз. Классикалық әдебиет өткен заманда қалған дүние емес, жаңа заманда да өмір сүруге лайық екенін студенттерге жеткізу қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі.




Кері оралу