қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2016

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Филология институтының шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігінде» атты жас ғалымдардың VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға Республиканың әр аймақтарынан, сонымен қатар Қытай, Оңтүстік Корей, Вьетнам елдерінің студент, магистрант және докторанттарынан 104 баяндамалар келіп түсті.
Пленарлық отырыста конференция қатысушыларына: Халықаралық байланыстар және Стратегиялық сұрақтар жөніндегі проректор Б.А. Қожамқұлов, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы  Переверзева И.В., Қытай консулы Гао Чэнь, жоғарыда аталған кафедра меңгерушісі п.ғ.д, профессор С.Б. Бегалиева құттықтау сөздерін білдірді. Сондай-ақ, пленарлық отырыста докторант Г.Исабекова, А.Үсенова, Ж. Бақытханқызы, филология институтының шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасынының 2 курс студенті Юн Хесон өздерінің презентациялық баяндамаларын жасады.
Сондай-ақ, конференция барысында көрнекті ғалымдар мен әдіскерлер Хан Н.Н., А.Д.Қайдарова , М.А.Абсатова, Ф.Г.Брулева қатысты.
Пленарлық мәжілістен кейін конференция жұмысы секцияларда жалғасын тапты. «Мирас»университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (Шымкент), Қазақстан-Ресей медициналық университеті НУО, Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан-неміс университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.), Х.А. Яссауи атындағы Қазақстан-түрік халықаралық университеті (Түркістан қ.) студенттерінің баяндамалары тыңдалды. Ең үздік баяндама жасаған студенттер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.




Кері оралу