қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.03.2017

  Ғылыми инновациялық парктің ғылыми-техникалық қызметі нәтижесін коммерциялау бөлімі мен ғылым басқармасының шақыруы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ 2017 жылдың 14 наурызында сағат 10.00 кіші акт залында Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (ҰЗМИ) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Авторлық құқық және сабақтас құқық» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға барлық ғылыми орталық пен зертхананың қызметкерлері қатысты.

«Құқықтық негіздер мен авторлық құқықты тіркеу» тақырыбындағы 1 дәрісті «ҰЗМИ» РМК филиалының өнертабысты патенттік зерттеу басқармасының бас сарапшысы Джаманшалова Лейла Германовна өткізді. Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының ұйымдастырушы құжаттарына сәйкес «зияткерлі меншік» келесіге қатысты құқықтарды қамтиды:

әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға;
• әртістердің орындаушылық қызметі, дыбыстық жазу, радио мен телевизиялық бағдарламаларға;
• адам қызметінің барлық саласындағы өнертабыстар;
• өнертабыстық нұсқаларға;
• тауардың белгісіне, қызмет көрсету белгісі, фирмалық атаулар мен сауда белгісіне.
• Өнеркәсіп, ғылым, әдебиет және көркем салалардағы интеллектуалды меншікке қатысты сабақтас құқықтарға.

• Кейінірек Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының қызметі ерекше құқыққа ие болып өсімдіктің жаңа сорттары мен жануарлар түрлеріне географиялық нұсқау, интегралды микросызбаларға, радиобелгілерге, дерекқор, атаулардың домені де қосылды. Интеллектуалды құқық түрлері:
Авторлық құқық. Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқық (зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижесі). Авторлық құқық идеялар, әдістер, үдеріс, жүйе, тәсіл, концепция, қағида, ашылулар, факттерге жүрмейді. Автор дегеніміз тек құқық иесі және ол заңды тұлға бола алмайды.
Сабақтас құқықтар. XX ғасырдың басы мен XXI ғасырлардың екінші жартысында авторлық құқық үлгісінде (бірақ авторлық құқық деп қарастырарлықтай шығармашылығы жеткіліксіз) құрылған ерекше құқықтар тобы. Әр елде сабақтас құқықтардың мазмұны ерекшеленеді. Ең көп таралғандары музыкант-орындаушылардың, фонограмманы жасайтындардың, эфирде хабар таратуды ұйымдастырудың құқықтары.
Патентті құқық. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, Селекциялық жетістік. Патентнтті құқық - өнертабысты қорғау реті, пайдалы модельдер, өнеркәсәптік үлгілер (осы үш объектіні «өнеркәсіптік меншік» деп те біріктіріп айтады) мен селекциялық жетістіктерге патент беру құқықтық норма жүйесі.
Дараландыру құралдарына құқық. тауардың белгісі, фирмалық атау, тауардың шығарылған жерінің аты, доменді атау кіреді.
Өндіру құпиясына құқық (Ноу-хау). Бұл сауда құпиясы тәртібімен қорғалған сауда-саттық заты немесе кез-келген сипаттағы кәсіпкерлік қызмет субъектісінің басқа қарсыластарының алдында артықшылығы ретінде қолдануға болатын мәліметтер, (оригиналды технологиялар, білім, шеберлік және т.б.). өсімдіктердің жаңа сорттарына құқық. Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау, Өсімдіктің жаңа сорттарын қорғау халықаралық одағы патент беру арқылы селекционерлердің өсімдіктерінің жаңа сорттарына авторлық құқықты реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Зияткерлік меншіктің құқығын бұзудың түрлері. Зияткерлік меншіктің құқықтарын бұзатын жағдайлар:
• Патентте баяндалған әдістерді қолданатын объекттерді тарату (тәуелсіз өнертабыс жағдайында да);
ҚР авторлық құқық пен сабақтас құқық Конституциямен, ҚР Азаматтық және басқа да кодекстерімен, Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңмен және Халықаралық келісіммен реттеледі.
Зияткерлік меншікті халықаралық қорғау негізгі халықаралық шарттарды қабылдағаннан бастау алды:
• 1883 жылғы Өнеркәсіптік меншікті қорғау Париж конвенциясы.
• 1886 жылғы әдеби және көркем шығармаларды қорғау Бернск конвенциясы.
• 1891 жылғы халықаралық белгілерді тіркеу Мадрид келісімі.
1893 жылы Париж бен Берн конвенциясы негізінде Зияткерлік меншікті қорғау халықаралық бірлестігі бюросы құрылды. 1970 жылы халықаралық зияткерлік меншік ұйымы болып өзгерді.
Халықаралық зияткерлік меншік ұйымы Халықаралық патенттік кооперацияның жұымысын қамтамасыз етеді. Тауар белгісінің халықаралық жүйесі, үлгілердің халықаралық жүйесі, жасалған жерінің атының халықаралық жүйесі.
Авторлық құқық объектілері:
• Әдеби шығармалар (романдар, өлеңдер және т.б.);
• Ғылыми шығармалар (мақалалар, эксперименттер және т.б.);
• Музыкалық шығармалар (орындау, музыка, мәтінсіз, мәтіні, хореография, фонограмма және т.б.)
• Аудиовизуалды шығармалар (фильмдер, мульфильмдер және т.б.);
• Өнер туындылары (живопись, мүсін, фотография және т.б.)
• ЕЭМ бағдарламалары;
• өнертуындылар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, карталар, жоспарлар және т.б.
«Патент» тақырыбындағы екінші дәрісті «ҰЗМИ» РМК өнертабысты патенттік зерттеу басқармасы филиалының бас сарапшысы Джаманшалова Лейла Германовна өткізді. Патент (лат. patents - ашылым) жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
Патенттің қолданылу мерзімі патент беріп жаттқан мемлекетке байланысты, ол 5 пен 25 жыл аралығын қамтуы мүмкін. Патентті қолданғаны үшін роялти төлейді.
Жаңашыл, ойдан құрастырылған және өнеркәсіпте қолданысқа ие болатын дүниеге патент беріледі (16.07.1999 жылғы ҚР Патент туралы заңы. (07.04.2015ж. өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген).
«Патент алуға электронды өтінім беру» тақырыбындағы үшінші дәрісті «ҰЗМИ» РМК өнертабыстарды патенттік зерттеу басқармасы филиалының маманы Назаров Бекзат Оспанұлы өткізді. Б.О. Назаров порталға электронды өтінім тастауды көрсетіп берді.
«ҰЗМИ» РМК филиалдарының мамандары барлық тыңдаушыларға алғысын білдіріп, тегін кеңес беретіндіктерін айтып байланыс телефондарын қалдырды: 8(727)397-74-60 адрес: Алматы қаласы, Абдулин-6 көшесі, павильон-1