қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.07.2017

 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРҒА ҮЛКЕН СЕНІММЕН...


 

         «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дегендей, қазіргі жаңғыру заманында жас маманға қойылар талап өте жоғары. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Осы орайда, болашақ маманның кемел келешекке деген жоспарларымен және тың идеяларымен танысып,  үлкен өмірлік жолға жол сілтеу  мақсатында университет ректоры, профессор  Балықбаев Такир Оспанұлы білім ордамыздың белсенді түлектерімен кездесті.

            Кездесу барысында түлектер өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салды. Бітіруші түлектер тарапынан білім ордамыздың ғылыми, тәрбиелік және әлеуметтік бағыттарын дамытуға байланысты маңызды ұсыныстар айтылды. Соның ішінде қазіргі ақпараттық технологиялық қарышты даму заманында университеттің материалдық-техникалық базасын заман талабына сай жабдықтау,  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнату,  білім алушыларды әлеуметтік қолдау мәселелері тілге тиек етілді.

       Университет ректоры өз кезегінде түлектер тарапынан айтылған ұсыныстар мен тілектерді болашақта оңтайлы шешуге күш салатындығын айтып, жас мамандарға ұстаздық жолда сәт-сапар тіледі.

      Кездесу соңында Такир Оспанұлы университет түлектерімен тарихи сәттен көрініс ретінде естелік суретке түсті. Бұл кездесу болашақ педагогтардың жүрегіне үлкен сенім ұялатты.   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқармасы