қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.07.2017

 

«АСТАНА. ЭКСПО. БОЛАШАҚ» атты танымдық акциясы

 

         2017 жылдың 5 шілдесі күні Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен «Астана күні» мерекесіне орай «АСТАНА. ЭКСПО. БОЛАШАҚ» атты танымдық акциясын өткізді. Шара мақсаты - бас қаламыз  Астананың ел дамуындағы маңызды рөлі мен Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі ерекше мәртебесін жастарға кеңнінен насихаттау, олардың бас қаламызға құрмет сезімідерін арттыру.

          Акция барысында еңселі Елордамыз туралы танымдық  жадынамалар таратылып, жастар арасында қызықты викториналық ойын ұйымдастырылды. Шарада белсенділігімен ерекшеленгендерге арнайы сыйлықтар табысталды.

        Мереке соңында университет жастары «Астана» туралы әндерге қойылған Флэшмоб  арқылы ару қаламызға деген өздерінің құрмет сезімдерін жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқарма