қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы

Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы

Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы 1956 жылы 28 тамыз айында Семей обылысы, Үржар ауданы, Науалы селосында дүниеге келді. 1963 жылы Жангелдин атындағы орта мектепте бірінші сыныпқа барып, 1973 жылы бітіріп шықты. 1974 жылы қараша айында әскери борышын өтеуге шақырылып, 1976 жылы Польша мемлекетінен елге оралды.

Еңбек жолын 1973 жылы бастады. 1976 жылдан, 1979 жылға дейін Алматы «Авторемонтный- Объеденение» зауытында жұмыс істеді.

1979 жылы қыркүйек айында ҚазПИ-дың, Көркем-сурет факультетіне дайындық курсына түсіп, 1980 жылы осы аталған факультеттің бірінші курсына оқуға түсіп, 1985 жылы үздік аяқтап шығады.

1985 жылы Алматы қаласы №4 мектеп -интернатында  сурет-сызу және еңбеккке баулу сабақтарынан дәріс береді. Екінші дәрежелі мұғалім категориясын алады.

1990 жылы қыркүйек айында Абай атындағы АМУ-нің Көркем-сурет факультетінде қолданбалы өнер сабағынан дәріс береді.

1996 жылы осы аталаған университеттің мұражай жетекшісі қызметін атқарып, студенттермен өнер жолында еңбек етіп келеді. Осы аталған факультетте, еңбек жолында жүріп творчестволық жұмыстармен шетелдік, республикалық, обылыстық, факультеттік көрмелерге қатысты. Шығармашылық жұмыстарымен бірнеше сертификаттар алып, марапатталған. Рахат телеарнасындағы «Өнер әлемі» атты бағдарламаға қатысып, сұхбат берді.

Конференцияларға қатысып бірнеше мақалалары жарық көрген. 2009 жылы Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшелігіне өтті. 2009 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті академиялық атағын алды.

Қазіргі уақытта мұражай меңгерушісі қызметін атқарып жүр.

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler