қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
2014/2015 оқу жылы
Тәрбие жұмысы


а) тәрбие жұмысының жоспарын құру және оны орындау
2014-2015 оқу жылының 1-қыркүйегінде филология институтының тәрбие жұмысының жоспары университеттің тәрбие жоспары негізінде жасалынып, бекітілді. Аталған оқу жылының І жарты жылдығында институттың профессор-оқытушылары тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту бағытында маңызды шараларды іске асырды, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізді. Тәрбие жетекшілері институт студенттерінің тәрбиесіне баса көңіл бөле отырып, олармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Атқарылған жұмыстар жөнінде хаттамалар толтырылып, есептер жазылды. Әрбір тәрбие жетекшісі өзі жүргізетін жетекшілік топтағы студенттерімен 2014-2015 оқу жылына арналып жасалған жетекшілік жоспарын құрды, ол бойынша студенттермен жүргізетін тәрбие жұмысы бағыты туралы жоспарымен қоса, мәдени, қоғамдық жұмыстарды жүргізуге бағытталып, жекелеп жұмыстар жүргізуде. Студенттердің жеке басын анықтау мақсатында жеке куәліктері, суреттері, байланыс телефондары алынды. Әр бір топ жетекшісі жетекшілігіндегі студенттердің тұрақты мекен-жайларын анықтап, әр бір оқытушыға тәрбие журналы таратылып, тәрбие жетекшісі журналына толықтай толтырылды.
30-тамыз ҚР Ата Заңы күніне орай кафедраларда тәрбие жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізіп, студенттерге заңды білу, заң талаптарын сақтау туралы мәліметтер берілді. Атап айтқанда: 29.08.2013 ж. күні «30 - тамыз Конституция күніне арналған «Ата заң» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. (Жауапты оқытушы Сатемирова Д. Хаттама №1)
1-қыркүйек Білім күніне орай университет тарапынан ұйымдастырылған мерекелік шараға институт студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы толық қатысты. Институттың 1, 2, 3 курс студенттері концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетіп, шараның өткізілуіне өз үлестерін қосты. Мерекелік шара соңынан тәрбие жетекшілері топтарында студенттерге оқу жылындағы жаңа өзгерістер туралы әңгіме өткізді. 1 курс студенттері үшін университет өмірімен таныстыру, оқу жүйесі туралы мәлімет беру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді. Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен 1 курс студенттерін институттқа бейімдеу, жоғары курстармен таныстыру мақсатында Медеуде демалу акциясы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары бойынша институттың аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е.Қасенов 10 қыркүйекте Алматы қаласындағы радиоэлекроника және байланыс әскери инженерлік институтымен біріккен «Үш тұғырлы тіл: даму болашағы, өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға қатысқан филология институтының «Тағылым» клубының мүше студенттері әскери институт басшылығы тарапынан аса зор марапатқа ие болды. Сондай-ақ кафедра оқытушылары Ж.Жұмабаева 15 қыркүйекте «Туған тілім туған анам секілді...» тақырыбында, «Тағылым» клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен 19 қыркүйекте «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында әдеби-сазды кеш пен ақындар мүшәйрасы өткізілді.
22-қыркүйек Тілдер мерекесі күніне орай институттың профессоры Б.Қасым «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбындағы Тіл мерекесіне арналған апталық (15-19 қыркүйек) барысында «Тілдің бүгінгі дамуы, келешегі» тақырыбында университетішілік дөңгелек үстелде баяндама жасады. Кафедраның аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е.Қасенов Тіл мерекесіне арналған апталық (15-19 қыркүйек) барысында ақындар мүшәйрасын өткізді. Жеңімпаз студенттер арнайы сыйлықтар мен мақтау грамоталарына ие болды (І орынды ІІ курс студенті Қожагелді Балнұр, ІІ орынды І курс студенті Жағыпбаров Абай, ІІІ орынды ІІ курс студенті Бабай Жазира, Жеңісқызы Бердігүл иеленді).
Қазақстан халықтары тілдерінің апталығы «Қазақстан білім мен ғылым қоғамы -үш тілдің тұғыры» аясында өткен шаралар: «Үш тілді оқытудың міндеті: проблемалары және болашағы» (Шаханова Р.А., Хасенов Б.Х., Балтабаева Ж.К, докторанттар, магистраннтар); «Үш тілді қоғамда тұлға қалыптастырудағы тілдің ролі». (Шаханова Р.А., Хасенов Б.Х.,Райымбекова М.А., Илиясова Н.және 1-2 курс магистранттары, докторанттары). Т1лдер апталыгы аясында болашак ізденуші -ғалымдармен Қазақстан халықтары тілдерінің даму үрдісі жөне Қазақстан халықы Ассамблеясы тілдерінің апталығы аясында казақстан халықтарының бірлігі мен тірлігі туралы әр сынақта тілімгерлер пікір алмасу өткізді.
15.09.2013 ж.-«Абай тілі» атты тілдер мерекесіне арналған кеш өтті. (Тоқшылықова Г. Хаттама №4)
20.09.13ж.-Ана тілім - тұғырым» атты тәрбие сағаттары өткізілді.(Кафедралардың тәрбие жетекшілері)

 


Ұстаздар күніне орай 03 қазанда институт көлемінде аға оқытушы Р.Бақбергенова «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» ұстаздарға арналған әдеби-сазды кеш өткізді. Аталған шара жалпы оқытушылар тарапынан жоғары бағаланды.
03.10.13ж. күні Қазақ әдебиеті кафедрасының бастамасымен «Ұстаз-ұлағатты есім» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды..(Асқарова Г. Хаттама№3 )
Университет бойынша ұйымдастырылған ұстаздар күніне арналған мерекелік кеште де институт студенттері белсенді қатысып, ұстаздар ризашылығына бөленді.


Халықаралық студенттер күніне орай Жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен өткен 10-17 қараша аралығындағы «Студент жастар - білім көшін бастар» атты студенттік апталық аясында институт студенттері түрлі танымдық сайыстар мен спорттық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
10-қараша күні студенттік апталықтың салтанатты ашылу рәсіміне студенттік өзін-өзі басқару кеңесі қатысты.
11-қараша күні студенттік клубтар мен үйірмелердің «Жастар нұрлы болашақ жолында» атты кеңейтілген отырысында С.Сейфуллин атындағы шығармашылық бірлестік ұжымы көрме ұйымдастырды.
12-қараша күні өткен университетішілік КТК сайысында институт студенттерінің командасы жүлделі ІІ орын иегері атанды.
13-қараша күні «Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігі» тақырыбында ректор кубогына арналған пікірсайыс турнирінде институт студенттері құрамынан жасақталған «Атамекен үшін» фракциясы жүлделі І орынды иеленсе, «Барыс» фракциясы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Ректор кубогына арналған университетішілік валейболдан жарысқа институт студенттері қатысып, белсенділік танытты.
14-қараша күніне жоспарланған «Әдептілік күні» акциясы барысында институт студенттері тұратын №3 жатақханада қазақ халқының әдет-ғұрпына байланысты құдалық рәсімі өткізілді. Шараға тәрбие басқармасының ұжымы қатынасып, жоғары баға берді. Дәл осы күні ұйымдастырылған ректор кубогына арналған университетішілік футболдан жарысқа институт студенттері қатысып, белсенділік танытты.


15-қараша күні ұйымдастырылған ректор кубогына арналған университетішілік үстел тенисі жарысында институттың 2 курс студенті Караджанова Наргиза жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
17-қараша күнгі студенттік апталықтың салтанатты жабылу рәсімі аясында «Күз ханшайымы мен ханзадасы» байқауына институт студенттері, өзін-өзі басқару кеңесінің ұжымы өте жоғары деңгейде дайындалып, өнерлерін көрсетті. Институт бойынша байқауға филология институтының намысын қорғауға бәйгеге түскен 1 курс студенттері Тоқаев Нұқанат пен Құлкенова Ақбаян алғыс хатпен марапатталды.
Қорыта айтқанда студенттік апталық аясында институттымыздың белсенді студенттері, өзін-өзі басқару кеңесі ұжымы ұйымдастырылған барлық шараларда тек жүлделі орындарды жеңіп алып, филология институтының атын биіктете түсті.
17.11.2014 жылы «Тағылым» клубының белсенділерінің ұйымдастыруымен «Жайна мәңгі, жадыра, Студенттер тек алға!» тақырыбында институт көлемінде әдеби сазды кеш өткізілді.
1- желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы - елдің тірегі» атты мерекелік кешті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы А.Шамахова ұйымдастырып, өткізді. Кеш барысында студенттер елбасына арналған өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Кафедра меңгерушісі Т.Тебегенов өз пікірін білдіріп, студент жастарға ұлағатты тілектер айтты.
№3 жатақханада студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің төрайымы З.Андабекованың ұйымдастыруымен ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмірі туралы фильм жатақхана тұрғындарына ұсынылды.
25.10.13ж.»Тұғырлы елім-Қазақстан» дөңгелек үстел. Ұйымдастырушы 4 курс филология мамандығының студенттері.
Филология институты бойынша ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасы күні жарияланған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жолдауын профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында талқылау жоспары кафедралар бойынша жасалынып, өткізілді. Институт директоры Б.Әбдіғазиұлының басшылығымен №3 жатақханада студент жастар арасында жолдауды талдау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
2014 жылы 11 желтоқсан күні сағат 12/00-де 425 дәрісханада Тәуелсіздік күніне орай Филология институтының ұйымдастыруымен «Мың жаса - Тәуелсіз қазақ елі» атты салтанатты кеш болды. Кеш барысында студенттер сахналық қойылымдар қойып, өлең оқып, тамылжыта ән салып, мың бұрала би биледі. Институт директоры, ұстаздар қауымы тәуелсіздік мерекесімен құтықтап сөз сөйледі.

 

 

 

Университеттің мәдени өмірінде ұйымдастырылатын түрлі тәрбиелік іс шараларға институт профессор-оқытушылары мен студенттері белсене ат салысып келеді.
2014 жылдың 10 қазаны күні ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлық пен Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың 90 жасқа толуына орай ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қолдауымен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты «Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: ғылыми мұра және ғылым феномені» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға институт профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді қатыстыруға жауапты Қ.Сейталиева мен Н.Амиржанова қатысты.
11 қазан күні Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған қалалық сенбілікке институт ұжымы бірауыздан қатысты. 28 панфиловшылар саябағынан берілген жер аумағы мен университет ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
8-қазан мен 5-қараша аралығында СПИД-ке қарсы күрес орталығының ұйымдастырған семинар-тренингіне орыс тілі кафедрасының тәрбие жетекшілері қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында 21 қазан күні белгілі қоғам қайраткері А.Аляз, Қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы р.Мамыров және белгілі жазушы Д.Әшімханның қатысуымен «Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат» тақырыбындағы кездесуге институттың 3 курс студенттер эдвайзерлері Г.Тоқшылықовамен бірге қатысты.
Университет ректорының 12.09.2014ж. №01-05-156 студенттер мен магистранттарды кешенді медициналық және флюрографиялық тексерістен өткізу туралы бұйрығына сәйкес институттың студенттері 13, 14, 15, 16 қазан күндері тексеруден өтті. Қазіргі уақытта тексеруден өтпеген 15 студент сессияға жіберілген жоқ.
29 қазан күні 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» рәсімін институт ұжымы мен студенттік өзін-өзі басқару кеңесі ұжымы №5 оқу ғимаратының АКТ залында өткізді. Кеш барысында студенттерге университет, институт өмірі туралы мәлімет берілді. Институттың өнерпаз студенттері өз өнерлерін ортаға салды.
Республикалық қан тапсыру орталығының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №1158 хатына сәйкес «Донор күніне» орай 3-4 қараша күндері институтта 415 дәрісханада қан тапсыру акциясы өтті. Нәтижесінде 70 ке жуық студент қан тапсырды.
Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс- қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 2014 жылдың 18 қазаны күні «Ел қанаты» қоғамдық қорының қатысуымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша студент жастармен ұйымдастырылған кездесуге институт студенттері қатыстырылды.
2014 жылдың 22 қазан күні жастар арасында еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлікті насихаттау мақсатында «Қазақстан халқы ассамблеясы - бұл тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді әрі мықты іргетасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге институттың 1 курс студенттері қатыстырылды.
2014 жылдың 20 қазан күні университетіміздің тұңғыш ректоры, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, дәрігер, профессор Санжар Жапарұлы Асфенфияровтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған Республикалық дәрежедегі мерекелік іс-шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
29-қазан күні А.П.Чехов атындағы Алматы қалалық орталық кітапханасында өткен «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады?» атты пікірсайысына С.Сейфуллин атындағы бірлестік ұжымы мен жетекшісі, аға оқытушы А.Шамахова қатысты.
28.10.2014ж. күні сағат 14/00-де 410 дәрісханада профессор К.И.Исагалиев «Основные приоритеты в сфере образования по Стратегии «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» тақырыбында институттың 2,4 курс студенттеріне лекция оқыды.
28 қараша сағат 18/00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемелекеттік академиялық филармониясындағы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, ақын Нұртас Исабековтың «Сөнбес сезім» атты жыр кешіне филология институтының оқытушылары мен студенттері қатысты.
26 желтоқсан күні тәрбие басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік кеште институт студенттері өнерлерін көрсетті. Жыл бойы университет өмірінде ұйымдастырылған шаралараға белсене қатысқан бірнеше студенттер ректордың алғыс хаттарымен әртүрлі номинация бойынша марапатталып, сыйлықтар алды.
1. Үздік студенттік кеңес төрайымы 2 курс студенті Күзембаева Айжан
2. Үздік жүргізуші 2 курс студенті Тулеуов Ермек
3. Үздік КТК оыншысы 2 курс студенті Орынбай Әділхан
4. Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін 3 курс студенті Андабекова Зарина, Аманбаев Сұңғат, Тоқаев Нұрқанат.
Адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беру жұмыстары бойынша оқытушылар Е.Қасенов, С.Жиренов, Ж.Аширов «Ұлылар сөзі - ұлағат көзі» тақырыбында қазақ жазушылары С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мұражайларында саяхат сабақтарын өткізді.
Студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында оқытушылар Р.Бақбергенова, Ж.Аширов пен С.Жиренов тарапынан институт студенттерінің шығармаларын талдап, стильдік кемшіліктердің жол берілмеуіне өз ықпалын тигізіп келеді.
Рухани эстетикалық тәрбие беру аясында институт студенттері тәрбие жетекшілерімен бірге қаладағы «Медеу» тау шатқалына, театрларға т.б. көрікті орындарға барды. М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов атындағы драма театрлары қойылымдарының сүйікті көрермендеріне айналды. Жалпы, кафедра оқытушылары тарапынан ұйымдастырылған шараларға І, ІІ, ІІІ курс студенттері толыққанды қатыстырылды. Студенттердің мұндай шараларға қатысуына кафедраның аға оқытушылары Н.Амиржанова, Ж.Жұмабаева, А.Қобыланова сынды ұстаздар атсалысып келеді.
17.11.2014 жылы «Тағылым» клубының белсенділерінің ұймдастыруымен «Жайна мәңгі, жадыра, Студенттер тек алға!» тақырыбында институт көлемінде әдеби сазды кеш өткізілді.
Еңбек тәрбиесі бағыты бойынша оқытушылар, студенттер қалалық, университетішілік сенбіліктерге қатысты.
Экологиялық тәрбие беру бағыты бойынша кафедра оқытушылары «Алматы - гүл қала» тақырыбы аясында көгалдандыру көрмелеріне қатысты, Арасан тау шатқалына саяхат жасады.
Әлеуметтік қолдау көрсету бағыты бойынша оқытушылар әлеуметтік жағдайы төмен және жетім балаларды жатақханамен қамтамасыз етуге атсалысты. «Әлеумет пен тұрмыс» атты тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізді. Ақылы бөлімде оқитын студенттердің сабақ үлгірімінің деңгейіне орай грантқа ауысуына мүмкіндік жасады. Аға оқытушысы Р.Бақбергенова эдвайзерлік тобындағы тұрмысы және тәрбиесі қиын студенттердің ата-аналарын шақыртып, олармен кеңес өткізді.
Жас таланттарды дамыту және қолдау бағыты бойынша аға оқытушылар ф.ғ.к. Ж.Қоқанова мен С.Жиреновтың жетекшілігімен 28.11.2014 жылы 4 курс студенті Р.Жетібай «Көңіл көкжиегі» атты студенттердің шығармалар жинағына талдау жасады.
Е.Қасеновтың жетекшілігімен институт студенттері 10.10.2014 жылы Астана қаласында өткізілген С.Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған Республикалық «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты шығармашылық байқауға қатыстырылды (мүшәйра бойынша Жақсылық Жайдар ІІІ орынды, мәнерлеп оқу бойынша Әбдімүтәліп Тұмар ынталандыру сыйлығына ие болды);
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша институттың 2 курс студенттері Н.Зәру, Н.Үсенов, Ә.Орынбек түрлі спорттық шараларға қатыстырылды. Сондай-ақ кафедраның аға оқытушылары Е.Қасенов (арнайы шақыртумен) пен С.Жиренов РЕКТОР кубогына (19.12.2014) арналған баскетбол жарысына қатысты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің жатақханадағы тәртібін қадағалау мақсатында мереке күндері университет аумағы мен жатақханада тәртіптің сақталуын қадағалау аясында институт оқытушыларының жатақханада кезекшілік жүргізуі де қарастырылған.
Қорыта айтқанда, институтта жоспарланған тәрбие жұмысының шаралары ел болашағы - жастардың бойында ізгі қасиеттердің толыққанды деңгейде қалыптасуына оң ықпал етті деуге толық негіз бар.


Институт директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Нүптекеева Г.Б
(аты-жөні)