қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.03.2018

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

 


 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни­вер­ситетінің Ғылыми кеңе­сінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Прези­денттің бес әлеуметтік баста­масы» үндеуі талқыланды.

 

Ғылыми кеңес жұмысына университет ректоры Такир Балықбаев, университет про­ректорлары, Ғылыми кеңестің мүшелері және құрылымдық бөлімше басшылары қатысты.

 

Кеңейтілген отырысты ашқан ректор Такир Балық­баев Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үн­деуінің өзектілігін, стратегия­лық сипатын және мұқият талданғанын атап өтті.

 

- Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларындағы ерекше назар аудартатын үшін­ші бастама - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, сту­дент жастардың жатақха­надағы жағдайын жақсарту». Бұл бастама еліміздегі төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа эконо­микада үлкен сұранысқа ие болатын ақпараттық техно­логиялар, робототехника, нано-технологиялар және т.б. салалардағы жоғары білікті мамандарды даярлауға барлық жағдай жасауға бағытталған. Президент жастарға қамқор­лық көрсету мақсатында сту­денттерді жатақханамен қамта­масыз ету мәселесін көтеріп отыр, - деді ректор.

 

Осыдан соң университет тарапынан атқарылатын ма­ңызды міндеттерге тоқталып, студенттердің тұратын жеріне жағдай жасау және барынша жатақханамен қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Үндеуге байланысты ректор Елбасының бастамаларындағы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жасалынатын нақты үйлестіру механизмдерін әзірлеуді ұсынды.

 

Келесі кезекте Жараты­лыс­тану және география инсти­тутының директоры Күләш Каймулдинова, Саясаттану және әлеуметтік-филосо­фия­лық пәндер кафедрасының мең­герушісі Раушанбек Әбсат­таров баяндама жасады.

 

Ғылыми кеңес отырысы­ның соңында Қазақ Ұлттық педагогикалық университет ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінде жүк­телген міндеттерді сапалы жүзеге асыру бойынша пікір­лерін ортаға салып, әлеуметтік маңыздылығы бар және қа­зақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, халыққа салық жүктемесін азайту, білім беру сапасын және қолжетімділігін арттыру, микрокредит беру мүмкіндіктерін кеңейту және газдандыру сияқты мәселелерді шешу жолдары ұсынылған «Пре­зиденттің бес әлеуметтік бастамасы» маңызды страте­гиялық құжатын бірауыздан қолдады.

 

Авторы: Рая Ескендір

13.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 



214

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler