қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.06.2018

Академик Көпжасар Нәрібаевтың мерейтойына арналған Ғылыми кеңес мәжілісі

 

2018 жылдың 5 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі атақты экономист-ғалым, академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтың 80 жасқа толған мерейтойына арналды.

 

Салтанатты мәжіліске Ғылыми кеңес мүшелерімен бірге ҚР ҰҒА академиктері мен академияның корреспондент-мүшелері, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты.

 

Мәжілісті ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев академик Көпжасар Нәрібаевтың өмір жолына қысқаша шолу жасап, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың академик Көпжасар Нәрібаевқа құттықтауын табыстап, университет ұжымы атынан мерейтой иесіне шапан жапты.

 

Іс-шара барысында оқу-әдістемелік жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаевтың баяндамасында академик Көпжасар Нәрібаевтың ғалымдық, педагогтық, қайраткерлік, азаматтық қырлары жан-жақты ашып көрсетілді. ҚР Ұлттық ғылыми академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов мерейтой иесінің елге сіңірген еңбегі, ғылымға қосқан үлесі туралы тебірене сыр шертіп, мерейтой иесіне Ұлттық ғылым академиясы ғалымдарының құттықтау хатын тапсырып, шапан жапты.

 

Белгілі академиктер Серік Қирабаев, Әлия Сәрсенова, Кенжеғали Сағадиев, Аманжол Қошанов, Сағындық Сатыбалдин, Өмірзақ Айтбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Бауыржан Жақыпов және басқалар мерейтой иесі туралы жүрекжарды ойларын ортаға салды. Көпжасар Нәрібаевтың туған жері - Жамбыл облысының өкілдері құттықтады.

 

Салтанатты жиында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтан, ҚР Мемлектеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалыковадан, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтан, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллиннен, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтан, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымовтан, Сенатор Қуаныш Сұлтановтан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғановтан, Бейбіт Мамыраевтан, Қожахан Жабағиевтан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының әкімдері Бердібек Сапарбаевтан, Қырымбек Көшербаевтан, Асқар Мырзахметовтан және басқалардан келген құттықтау хаттар оқылды. ҚР Білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева мерейтой иесі туралы шын жүректен шыққан ізгі тілектерін білдірді.

 

         

 

         

 

           alt=

 

         

 

         

 

           alt=

 

           alt=

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім