қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының Венгрияның Бас консулымен кездесуі

 

2018 жылдың 18 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаев Венгрияның Бас консулы Джудит Лангпен кездесті.

 

Кездесу барысында ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды.


Ректор Такир Балқыбаев Джудит Лангқа университет қазіргі уақытта Венгрияның бес оқу орнымен тығыз қарым-қатынас жасайтынын, бірлескен жұмыстың нәтижелері ғылыми жарияланымдарды жариялау, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы және екі деңгейлі бағдарламалар, магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми тағылымдамалар шеңберінде алмасу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ мен Венгрияның жоғары оқу орындарының арасында жаңа ынтымақтастық келісімдер шетелдік студенттерді қабылдау сапасын жақсартуға және студенттердің ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Кездесу барысында Янос Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің базасында «Қазақстан жолы және Н.Ә. Назарбаев» кафедрасының және Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Қазақ-Венгрия мәдени-білім беру орталығының жұмыстарын жаңғырту мәселелері талқыланды. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Венгрия университеттерінің өзара қарым-қатынасын дамыту венгр тілін үйрететін жаңа білім беру бағдарламаларының жүзеге асуына мүмкіндік береді.

 

Юдит ЛАНГ ханым Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ-Венгер мәдени-білім беру орталығында венгр тілі курстарының ашылуына және Hungaricum стипендиясының шеңберінде Венгриялық студенттерді Абай атындағы ҚазҰПУ-ға тарту мүмкіндіктерін қарастыруға ұсыныс білдірді.