қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
06.10.2018

ҚазҰПУ қызметкерлері марапатталды

 

Еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикаклық университетінің 90 жылдық мерейтойына байланысты оқу орнының үздік оқытушы-профессорлары мен қызметкерлеріне марапаттар тапсыру салтанаты болып өтті. Салтанатты жиналысты ашқан университет ректоры профессор Такир Балықбаев ұжымды мерейтоймен құттықтап, игі тілектерін айтты.

 

«Бұл мерейтой тек біздің университетіміздің ғана емес, бүкіл қазақ жоғары білімінің ортақ мерекесі, - деді ректор.

 

Іс-шара барысында ректор Такир Балықбаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын тапсырды. Атап айтқанда, университеттің 20 оқытушы-профессоры мен қызметкері Министрліктің «Еңбек ардагері» медалімен, 32 оқытушы-профессор «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, 25 қызметкері «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, 22 адам «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 16 адам Құрмет грамотасымен, 4 адам Министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

 

90 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев университеттің мәдениет және спорт саласындағы бірнеше қызметкерлерін марапаттады. Ол университеттің «Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры, профессор Баймұрат Оспановқа, осы институттың доценті Ерболат Қисымысовқа, музыканың білім беру және хореография кафедрасының профессоры Меңсұлу Жексенбековаға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, денешынықтыру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Қайрат Адамбековқа «Құрметті спорт қызметкері», дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Еркін Сейдақовқа «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тапсырды.

 

Қуатжан Уәлиев университет ұжымын 90 жылдық мерекесімен құттықтады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім

 



109

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler