қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.01.2019

Талғар қаласының оқушыларымен кездесу

 

2019 жылдың 14 қаңтарында ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары аға оқытушы Рысжан Бекішева, аға оқытушы Рошангуль Тохтамова, доктор PhD Аида Нурбаева, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс PhD студенті А.Қалиасқарова Алматы облысының Талғар қаласындағы мектептерге барды.


Кафедраның оқытушылары №1 орта И.Ф. Халипов атындағы мектебінің әкімшілігімен мектеп директоры Замзагуль Төлеубековна Мушрапиловамен, тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Кенжегүл Қадырбековамен, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Гульнара Көкиненқызы Сағындықовамен кездесті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, одан әрі ынтымақтастық және кәсіптік бағдарлау жұмыстары жайлы мәселелер талқыланды.


Мектеп мәжіліс залында 10 және 11 сынып оқушылары ҚазҰПУ тарихын баяндайтын фильм көрсетілді. Оқытушылар университет даярлайтын мамандықтар жайлы баяндады. Мектеп оқушыларына жарнамалық брошюралар мен материалдар берілді, сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.


С.Сейфуллин атындағы №2 мектеп әкімшілігі (мектеп директоры Райхан Токаровна Укеева, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жолдыбаева Гүлбану Жолдыбайқызы) және №7 орта мектеп-лицейі (директоры Такура Айдарбекқызы Агильская) мокытушыларды жылы қарсы алып, 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.


Кездесу барысында университеттің бітіруші сынып оқушылары, сондай-ақ мамандықтар бойынша слайдтар, кафедраның ғылыми жетістіктері, студенттердің спорттық және қоғамдық өмірлері тапсырылды.


Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, келесі сұрақтарды қойды: жоғары оқу орыны мемлекеттік мекемеге жата ма; дипломның қандай түрі беріледі; бюджеттік орындардың саны; оқыдың бағасы қандай; бөліп төлеу мүмкіндігі; қабылдау үшін қанша балл жинау керек; топтағы студенттер саны қандай; университетке қандай көлікпен жетуге болады.


Әңгіме барысында оқытушылар оқушылардың қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына толық жауап берді.

 

   

 

   

 

   

 



138

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler