қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2015

ASIIN сарапшыларының
Абай атындағы ҚазҰПУ-ға
ресми сапары жайлы

 

2015 жылдың 03 наурызында университетке бакалавриат пен магистратураның биология, химия және география білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу үшін ASIIN халықаралық аккредиттеу агенттігінің сарапшылар тобы келді.
04-05 наурыз аралығында құрамы профессорлар Дитер Бон (Вюрцбург қ.университеті), Инго Айклс (Бремен университеті), Тобиас Хиллманн (Нойбранденбург қ. қолданбалы ғылымдар университеті), Герд Клок (Бремен қ. қолданбалы ғылымдар университеті), Марина Фогель (Дрезден техникалық ғылымдар университеті), сондай-ақ Дитрих Шерцер (BASF SE концерні), д-р Георг Эбертхаузер (ASIIN үйлестірушісі), білім алушылар өкілдері - Моника Польман (Кельн университеті) және Астафьева Екатерина (М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ) тұратын сараптау тобы білім беру бағдарламаларының үйлестірушілерімен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесіп, лабораторияларға барады.