қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.02.2019

2019 жылғы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты

 

2019 жылдың 7-10 ақпан аралығында Шымкент қаласында ересектер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Жарыстың мақсаты - алдағы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жаңадан команда жасақтау.


Жарысқа барлығы 10 салмақ дәрежесінде 450 балуан қатысты. Қазақстан Республикасынның чемпионатында өнер көрсеткен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 1 курс студенті Қуат Әміртаев 61 кг салмақ дәрежесінде 3-ші орынға ие болса, 1 курс магистранты Әділет Даулынбаев 86 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып қыркүйек айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

 

 

 

  

 

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы