қазақша · русский · english
   
Халықаралық бағдарлама өкілдері

  Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстандағы студентер мен магистранттардың және жас оқытушылардың  білім сапасын көтермелеуде белсенділік танытуда. Осы бағыт бойынша негізгі тапсырмалардың бірі ретінде, университет жастарының  «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысуын  жөн санайды. Шет елге оқуға талап білдіретін жастар аз емес, бірақ конкурстық таңдау барлығын емес өте жақсы білімділерін алады. С.Ж .Пірәлиев ректордың шешімі бойынша, «Болашақ»  халықаралық бағдарламасына ие болу конкурысына үміткер университеттің оқытушылары мен магистранттарына және студенттеріне арналған дайындық курсы ашылды. «Болашақ» бағдарламасы жобасының 2009-2010ж соңғы өзгерістері білім беретін ұйымға қатысты әңгіме брифинг «Білім бағдарламалары» АҚ орталығында Алматы филалы өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Осы кездесуден кейін университет орталықпен тығыз байланыс орнатты. «Болашақ» бағдарламасының соңғы шыққан жобасынан кейін, Алматы филалының өкілдері бас менеджері А.Т.Крылов және А.А.Әбеновпен кездесу ұйымдастырылды. Брефинг барысында студенттер конкурстық байқау шарттары туралы, келісім шарттар мен басым мамандар туралы, бағдарламаны қаржыландыру және бағдарлама степендияттарының жұмысқа орналасу туралы ақпараттармен танысты. «Орталық» өкілдері университет студентеріне қазіргі заманға сай ой тастап, жастар өміріне тура бағыт-бағдар беріп, шетелде кәсіптік білім алуға деген қызығушылықтарын оятты. Осындай жастарды қолдау үшін дайындық курстары да ашылды.