қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.11.2015

Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Іле педагогикалық университеті жанындағы Абай орталығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,Филология институтының шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушысы Ж.Б.Бейсбекованың 2015жылдың 08 қыркүйек айынан бастан - 16 қараша айына дейінгі аралықта атқарылған қызметтік іссапары туралы
ЕСЕБІ

     Іссапар кезінде екі Университет арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында Іле педагогикалық университеті ректоры, профессор С.Ұғыбайұлы, Сыртқы істер халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Н.Әденұлымен бірігіп,Абай орталығының 2015/2016 оқу жылына жоспарланған іс-шараларының жүргізілуі мен орындалуы талқыланып бекітілді.
   2015жылдың 13.10.-30.10.аралығында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік оқу ағарту Министрлігінің қолдауымен, Іле педагогикалық университеті ұйымдастырған «Орта бастауыш тіл әдебиеті» атты біліктілікті арттыру курсына қатысып, профессор-оқытушылар жүргізген дәріс, тренинг-семинарларда өзара тәжірибе алмастым.

   Іле педагогикалық университеті (ҚХР) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) арасындағы «Қазақ-қытай ғылыми-мәдени, инновациялық дамыту және оқыту орталығы» мен «Абай орталығын» ашу туралы келісімшарт (06.07.2011ж.) негізінде 2014/2015 оқу жылының 13-ші қаңтарынан бастап 26-шы сәуіріне дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға барып қайтқан Іле педагогикалық университетінің 3 курс студенттері және 2015/2016 оқу жылына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға баратын, жалпы Қазақстандағы басқа да университеттерге оқуға баруға дайындалып жүрген Іле педагогикалық университетінің студенттерімен «Академиялық ұтқырлықтың тиімділігі» тақырыбы бойынша кездесу өткізіп, семинар ұйымдастырдым. 


Ақпаратты дайындаған: Ж.Б.Бейсбекова