қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.02.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ мамандары ашық сабақ өткізді

 


 

Ұлттық білімнің қайнар бұлағына айналған Абай атындағы ҚазҰПУ өзіндік даму жоспарының барысында білім беру орталықтармен тығыз байланысты тәжірибе жүзінде көрсетіп келеді. Жуырда Алматы қаласы білім басқармасы, Жетісу аудандық білім бөліміне қарасты №43 жалпы білім беретін мектепте өткен ашық сабаққа Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев қатысты.

 

Ұлттық педагог кадрларды даярлауда және оларды жұмыспен қамтуда жоғары көрсеткіштерді де көрсетіп жүр. Абай университетінің әрбір жоспары мен бағдарламасы білім алушының нәтижесіне бағытталған. Мұның дәлелін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттеріне деген сұраныстан байқауымызға болады.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті даму шеңберінде тоқтап қалмау мақсатында 2019/2020 оқу жылында педагогикалық мамандықтағы 4-курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесін 1 жылға созды. Бұл биылғы оқу жылында Пилоттық жоба ретінде енгізілді. Білім алушылар қыркүйек айынан сәуір айының соңына дейін іс-тәжірибеден өтеді. Бұл жоба егжей-тегжейлі ойластырылып, 2019/2020 оқу жылына Ғылыми кеңестің шешімімен енгізілді.


Ашық сабақтағы кемшіліктер туралы ой бөлісіп, мектеп директоры аудандық білім бөлімінің мамандарымен ойталқы құрды. Мектеп директоры және аудандық білім бөлімнің мамандары 1 жылдық тәжірибенің дұрыстығын және алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істеудің нәтижелі болатынын жеткізді.

 

 

15.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz



128

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler