қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.05.2020

Қос университет халықаралық мега-сабақ өткізді

 


 

Сейсенбі, 19 мамырда В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің Информатика және білім берудегі ақпараттық технологиялар кафедрасы (Ресей Федерациясы) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы жанындағы Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасының ұйымдастыруымен өзін-өзі оқшаулау жағдайында «Физикадан алған білім адам өмірі мен оның денсаулығын сақтауға қалай көмектеседі?!» тақырыбында ең алғашқы халықаралық интеграцияланған мега-сабақ өтті.

 

Мега-сабаққа Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің мектептерінің өкілдері, атап айтқанда, «Тұран» мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Даутова Т.К. (Алматы), С.А. Ходжиков атындағы №39 лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Тулемисова Г.Н. (Алматы), Кәсіпкерлер мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Дьякова Н.Е. (Алматы), №9 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Потупчик Е.Г. (Красноярск), №14 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Петраков Е.В. (Красноярск) қатысты.

 

Жетекші координаторлар Красноярск қаласының №9 гимназиясының мұғалімі Буракова А.Н. және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы Аккасынова Ж.К., сарапшылар В.П. Астафьев атындағы КМПУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар (Яковлева Т.К., Камалова Г.Б., Хегай Л.Б., Ивкина Л.М., Дорошенко Е.Г.) болды.

 

Барлық мега-сабақ қатысушыларының өзара әрекеттесуі Zoom видеоконференция платформасы негізінде ұйымдастырылды.

 

Мега-сабақ барысында мектеп оқушылары су тасқыны, жер сілкінісі, тайғақ, инерция, күн сәулесі тақырыптарында түрлі онлайн сервистердің көмегімен ақпараттық видеороликтер, анимациялар, буклеттер, презентациялар жасаумен айналысты. Осындай ақпараттық өнімдер жасау барысында олар мүмкін қауіп-қатерлерді физика тұрғысынан түсіндіріп, олардың салдарынан болатын мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

 

Оқушылар информатика сабағының осындай форматта өтуін өте жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Ал, мектеп мұғалімдері, өз кезегінде, осындай іс-шараға қатыса отырып, өздерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік алғандарын алға тартты.

 

Ұйымдастырылған мега-сабақ мәжбүрлі қашықтықтан оқыту жағдайында Мега-сынып білім беру технологиялық платформасының әлеуетінің айтарлықтай жоғары екендігін көрсетті.

 

 

21.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com



52

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler