қазақша · русский · english
 
 
 
 Рысымбетов Ержан Құрбанәліұлы
Кафедра меңгерушісі
Өнертану PhD докторы
Достық даңғылы, 13
 8-701-300-13-03
erjan_01.01@bk.ru

 

1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Көркемсурет» факультеті «Бейнелеу өнері және сызу» пәндері мұғалімін және кәсіби суретші мамандарын дайындайтын ғылыми шығармашылық орталығы болып құрылды.


Кеңестік кезеңнен бастау алған «Бейнелеу өнері және сызу» факультетінің қалыптасқан тарихына қазіргі білім саласында болып жатқан реформалар жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігін тудырды.


Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылы бұрынғы «Көркемсурет» факультеті қазіргі «Өнер, мәдениет және спорт» институтына айналып «Арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі және өнер тарихы» кафедрасы, «Бейнелеу өнері және қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ашылып, өнер саласының ЖОО-на, колледж, лецей, арнайы өнер мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептерге оқытушы - мұғалімдер дайындап шығару бағытында қызмет жасауды жалғастырды.


2018-2019 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап «Өнер, мәдениет және спорт институты» бейнелеу өнері түрлерін оқытып жатқан мамандықтарды топтастыра отырып, таза кәсіби білім маманын дайындау бағыты бойынша «Дизайн» кафедрасын және оқытушы - мұғалімдер дайындау бағытында«Көркем білім» кафедрасы деп атауын өзгертті.


«Көркем білім» кафедрасында кәсіби іс-әрекетке қажетті білімді ғана игертумен шектелмей, қазіргі орта мектептерге енгізіліп отырған «Көркем еңбек» пәні маманын дайындайды, дәріс алушының білімін жетілдіру, ақпараттық ресурстарды пайдалану, әлеуметтік өзара әрекеттестікке дайын болу, коммуникативтік құзыреттілікті игеру секілді негізгі біліктіліктерді қалыптастыру көзделеді.


«Көркем білім» кафедрасы:
-5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу», 5В041300 - «Кескіндеме» мамандығы бойынша бакалавр;
- 6М010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» магистр мамандығын, 2019-2020 оқу жылынан «Көркем еңбек, графика және жобалауды оқыту әдістемесі» магистрін дайындау;
- 6D010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша доктор (РһD) дайындау;
- 5В041600 - «Өнертану» мамандығы бойынша бакалавр;
-6М041600-«Өнертану» мамандығы бойынша магистр дайындау;
- 2019-2020 -шы оқу жылы «Өнертану» мамандығы бойынша докторантура (РһD) ашу қарастырылуда.


Осы мамандықтар бойынша «Көркем білім» кафедрасы жоғарғы оқу орындарына, колледж, лецей және арнайы өнер саласы мектептеріне және жалпы орта мектептерде білім беретін доктор (РһD), магистр оқытушы, бакалавр мұғалім мамандықтарын дайындау бағыты нақтыланып қарастырылған.


Қазіргі уақытта «Көркем білім» кафедрасында білікті 27 профессор-оқытушы бар, оның екеуі педагогика ғылымдарының докторы, сегізі педагогика ғылымдарының кандидаты, біреуі өнертану кандидаты, екеуі доктор (РһD), төртеуі магистр-оқытушы, тоғызы аға оқытушы, біреуі оқытушы.


Кафедра профессор-оқытушыларының екеуі Қазақстан Педагогика Ғылым Академиясының академигі, үшеуі Жоғарғы Атестациялау Комитетінің профессоры, үшеуі Жоғарғы Атестациялау Комитетінің доценті, алтауы университет профессоры, екеуі университет доценті, он сегіз ҚР Суретшілер Одағының Мүшесі.


Кафедраның докторантура бөлімінде: 6D010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша 1 докторлық ғылыми-зерттеу жұмысы қорғалып, Жоғарғы Атестациялау Комитетінде бекітілді.


Ал, қазіргі уақытта 1курста 3 докторант (екі шетелдік, үшеуі де ақылы бөлімде), 2 курста 2 докторант (грантта), 3 курста 1 докторант (грантта) оқып дәріс алуда және 1 докторант грантта оқып, ғылыми-зерттеу жұмысын қорғауға дайындық үстінде.
6М010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» магистратура мамандығының 1-2 курс қазақ, орыс бөлімінде 12 магистрант (оның оны грантта, екеуі ақылы бөлімде), 6М041600 - «Өнертану» магистратура мамандығының 1-2 курс қазақ бөлімінде - 10, орыс бөлімінде 15 магистрант (бәрі грантта) оқиды.

1695
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler