қазақша · русский · english
   

 

ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновация бөлімі Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновация бөлімінің негізгі міндеттері:
- Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кеңесі бекіткен, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың негізгі ғылыми бағыттары аясындағы ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүргізу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану;
- ғылыми мектеп және ғылыми-педагогикалық ұжым, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру және олардың біліктілігін жетілдіруді қалыптастыру мен дамытуға негіз ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мамандарды дайындау кәсіби бағытына сәйкес бастапқы ғылыми зерттеулерді дамыту;
- оқу-ғылыми және инновациялық тиімділікті жетілдіру, білім беру, ғылым мен өндірістік ықпалдастық үдерісті күшейту мақсатында шетелдік ЖОО-мен, ғылыми ұйымдармен, өндіріс және фирмалармен, шетелдік әріптестермен ғылыми байланысты дамыту;
- ғылыми бастапқы және қолданбалы міндеттерді шешудегі ҚР-дың ғылыми және инновациялық саясатын дайындау және оны жүзеге асырудағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың рөлін арттыру;
- студенттік ғылымды қолдау мен дамыту.

ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновация бөлімінің қызметі:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық стратегиясы мен жоспарын жасауға материалдар дайындау, олардың орындалуын үйлестіру, кеңес беру, бақылау;
- университет қызметкерлерінің республикалық және университетішілік ғылыми зерттеу байқауларына, сондай-ақ өзге ұйымдардың ғылыми байқауларына қатысуын ұйымдастыру;
- ҚР Білім және ғылым министерлігіне, ҚР-дың статистикалық мемлекеттік органдарына (Горстатуправление) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми іс-әрекеті туралы есеп беру;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметіне сәйкес келетін талдаулық анықтама, жоспарлық-қаржылық және статистикалық есеп беруді дайындау және жеткізу;
- бөлінген ассигнованияға және оның бюджет пен бюджеттен тыс қаржы бойынша мақсатты тағайындалуына сәйкес ғылыми зерттеуді тақырыптық жоспарлауды ұйымдастыру.
- ғылыми жобалар тақырыптары мен түрлі деңгейдегі ғылыми шаралардың қаржыландыру сметасын университеттің қаржылық басқармасымен келістіру, ғылыми іс-әрекет бойынша жылдық шығын сметасын жасау;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-де және Абай атындағы ҚазҰПУ қатысуымен өткізілетін халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
- ҒЗЖ, СҒЗЖ және инновация бөлімі құзіреті аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың нормативтік базасын жасауға қатысу;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жас ғалымдар кеңесінің іс-әрекетін үйлестіру;
- студенттер мен магистрантардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру (ғылыми шараларға, ғылыми үйірмелер жұмысына, түрлі деңгейдегі ғылыми байқауларға қатысу (ҚР БҒМ, Тұңғыш Президент Қоры, Корпоративтік қор, университетішілік, ЖОО-аралық және т.б.).