қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Байқау кеңесінің құрылуының басты мақсаты - 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының аясында университет дамуының және өмірлік белсенділігінің негізгі мәселелерін үйлестіру.


«Абай атындағы ҚазҰПУ» ШЖҚ РМК байқау кеңесінің міндеттері:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Стратегиясын және даму жоспарларын қалыптастыруға және оларды 2020 жылға дейін іске асыруға көмек көрсету;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды және педагогикалық білімді мамандар даярлау орталығы ретінде жұмыс істеуіне және кешенді дамуына ықпал ету;
- Қаржы ресурстарын, қаржылық есептілікті пайдалануды бақылау;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дің білім беру саласындағы саясатының тиімділігі тұрғысынан талдау жасау;
- Абай атындағы ҚазҰПУ -дің халықаралық білім беру, ғылыми, мәдени және халықаралық әлеуетін дамытуға көмек көрсету;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бюджеттен тыс қаражат пен басқа да қаржы ресурстарын тартуға көмек көрсету.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың байқау кеңесі келесідей өкілеттіктерге ие:
1. ЖОО-ның даму жоспары туралы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Министрлікке тұжырым береді;
2. Даму жоспарын іске асыру туралы есептің жобасын үйлестіреді, университеттің жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;
3. демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету және университеттің иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін қоса алғанда, қосымша көздерден алынған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;
4. бюджеттік  және басқа қосымша көздерден алынған қаражатты мақсатты пайдалануды бақылау үшін университет  және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен еш кедергісіз танысады, сондай-ақ осындай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеру үшін Министрлікке ұсыныстар енгізеді;

5. Университеттің ректорын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу туралы Министрліктің ұсыныстарын келіседі;
6. Ұжымдық шарттың дамытуға қатысады және даму жоспарын бекітту қаражат шегінде қызметкерлерге,университет ректорына, проректорларға,  бас бухгалтерге қосымша қаржы көздерінен жалақы, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдайды;

7. Университеттің негізгі бағыттары бойынша комитеттер құрады;
8. Бақылау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның қызметі мен  жалақысын белгілейді, оның қызметін  бұрын тоқтатады;
9. Университеттің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Министрлікке ұсыныстар береді;
10. Университеттің басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды;
11. Университеттің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы Министрлікке ұсыныстар береді;
12. Министрлікке университеттің филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.

 

7878
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler