қазақша · русский · english
   
Қоғамдық қызмет

Математика, физика және информатика институты білім алушылардың адамгершілік-патриоттық және дене тәрбиесін қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін 17 бағыт бойынша жүзеге асырып келеді. Ол бағыттар университтің тәрбие жұмыстары бағдарламасында көрсетілген. Профессор- оқытушылар құрамының студенттермен жүргізетін тәрбие жұмыстары университет ректорының бұйрығымен 5-10 студентке бір тәрбие жетекшісін бекіту арқылы жүргізіледі. Тәрбие саласындағы қыруар жұмыстардың ішінен Республикалық деңгейдегі мына төмендегі бірнешеуін атап  өтуге болады.  

  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дің математика, физика және информатика институтының студенттерінің (800 студент 110 ПОҚ) 2015 жылғы сәуір айында өткен Республикалық деңгейдегі маңызды оқиға Президент сайлауына қатысуы ұйымдастырылды.
  • Студенттер мен оқытушылардың, Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакент» ұйымдастырған халықаралық XVI «Образованиие и Карьера-2015» көрмесінің жұмыстарына қатысуы ұйымдастырылды.
  • 2015 жылыдың 27-28 қазанында ҚР Тұңғыш президенті-Елбасы кітапханасында ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы М.Б.Қасымбековтың басшылығымен өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингке тәрбие басқарамасымен бірге институт студенттері қатысты.
  • 2011 жылы 1 мамыр, Алматыда Ел Басы қатысқан бейбітшілік күнін мерекелеу барысында Республикалық «Хабар» арнасының журналистеріне еліміздегі тыныштықтың қадірі туралы сұхбат берілді. (Сол күні эфирге шықты)
  • 22 мамыр 2013 жылы «Klass taim» газетінде «Тәртіп пен білімге негізделген жүйе» атты бір беттік мақала жарияланды. Девизі «Тәрбиесіз алынған білім қауіпті»-Әл-Фараби.
  • 7 мамыр 2015 жылы «Президент және Халық» газетінде «Америкалықтар тұтқынынан ауылға» атты бір соғыс ардагерінің жанкешті өмірі туралы мақала жарияланды.
  • 2014 жылы «Адамгершілікті ұмытпайық» акциясын ұйымдастырып Алматы қаласының №1 балалар үйіне (студенттер мен оқытушылардың қатысуымен) материалдық көмек көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды (жауапты 4 курс студенті Жәнбек Нұрлыбек).
  • 9 мамыр 2015 жылы «Алматы ақшамы» газетіне отан соғысына қатысқан ардагерлер туралы «Соғыстың соңғы салқыны» атты мақала жарияланды.
  • Студенттер арасында тапқыштар клубы, қазақстанның олимпиада чемпиондары туралы тәрбиелік жұмыстар нәтижесінде студенттер аймақтық және республикалық жарыстарға қатысып (КВН бойынша институтың «Апорт» командасы, команда мүшесі Нұрғалиев Өмірбек, Талдықорған қаласы, 2015) бірінші орын алды.