қазақша · русский · english
 
 
 
 Сейсенбеков Көркем Диханұлы
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры

Достық даңғылы, 13
 291-03-25

 Бекбенбетова Қазына Асанқызы
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары

Достық даңғылы, 13, 300 кабинет
 291-83-82
b_kazyna@bk.ru, kaznpu_tarbie@mail.ru

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Тәрбие жұмысының мақсаты - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.

 

Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отансүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында  «Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие жұмысының тұжырымдамасы»  негізінде әзірленген Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі  жылдық жұмыс  жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Тәрбие жұмысының   басым бағыттары:

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;

- ұлттық тәрбие;

- рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие;

- сыбайлас жемқорлық  пен құқық бұзушылықтың алдын алу;

- студенттердің діни сауаттылықтарын арттыру және  экстремизмнің алдын алу;

- дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- студенттерге психологиялық қолдау көрсету;

- студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту және әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары.

 

Оқу орнында тәрбие жұмысы келесі деңгейлерде ұйымдастырылады: университет, институт, кафедра, тәрбие жетекшісі, студенттік топтар.

 

Университетте тәрбие үдерісі Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректордың  (ссылка) басшылығымен жүргізіледі.

 

Университеттегі тәрбие үдерісін үйлестіру Тәрбие, әлеуметтік  жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департтаменті құзырында.

 

Тәрбие, әлеуметтік  жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент құрамына:

- Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімі;

- Әлеуметтік қолдау бөлім;

- Мәдениет және жастар шығармашылығын дамыту бөлімі;

- Жастар ісі жөніндегі комитет;

- Денсаулық сақтау бөлімі кіреді.

 

Оқу ордасының тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалардың бірі - ол  «Тәрбие жетекшілігі жүйесі».

 

Ұжымда жағымды психологиялық ахуалды және жоғары ұжымдық  мәдениетті қалыптастыру   мақсатында:

Студенттер мен магистранттардың Этикалық кодексі, профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің Этикалық кодексі, Академиялық адалдық кодексі қабылданған;

- Жыл сайын «Құқықтық сауаттылық» онкүндігі ұйымдастырылады;

 

Жастарды толеранттылыққа, ұлтаралық келісім мәдениетіне тәрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында:

- Дінтанушы, педагог, психолог ғалымдар құрамынан лекторлық топ құрылған;

- Жыл сайын «Діни сауаттылық онкүндігі»  ұйымдастырылады;

- 2 кредит негізінде  «Дінтану» пәні оқытылады.

 

Білім алушыларды әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әлеуметтік қолдауға зәру студенттердің (магистранттардың) оқу ақысына 15%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер, толық жетім санатына жататын студенттерге университет қаражаты есебінен бір реттік ақшалай көмек, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға жыл бойы медициналық көмек көрсетіледі. Университет балансында 5 студенттік жатақхана, 5 асхана бар. Оқу орнымызда көпшілік спорт түрлерін  дамытуға, студенттер арасында  салауатты  өмір салтын насихаттауға үлкен мән берілген.  400 шаршы метрді құрайтын бокс залы, 600 шаршы метрлік ойын залы және үлкен зал,  5000 орындық  «Спартак» спорт кешені, жүгіру жолдары, футболға арналған ойын алаңы жастар иігілігіне қызмет жасап келеді.

 

Нормативтік құжаттары:

1.Департамент туралы Ереже

2.Жылдық жоспар

3.Жылдық Есеп

4.Іргелі шаралар

5.Тәрбие жетекшіcі туралы Ереже

6.Студенттер мен магистранттардың Этикалық кодексі

7.Профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің Этикалық кодексі

8.«Үздік тәрбие жетекшісі» конкурсының Ережесі

 

 

 

 

1622
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler