қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2017

«Желідегі бала» халықаралық білім беру форсайт-сессиясы өтті

 


2017 жылдың 29-30 қарашасында Қазан Федеральды Университеті (ҚФУ) базасында біздің университетіміздің  «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-4 курс (о/б) студенттерімен 1-курс магистранттарының қатысуымен «Желідегі бала» Халықаралық білім беру форсайт- сессиясы өтті.


Форсайт - сессияның мақсаты жас педагогтар мен педагогикалық және психологиялық - педагогикалық бағыттардағы студенттердің ноксологиялық құзыреттілігі мен балаларды қазіргі ақпаратты қортада психологиялық-педагогикалық қолдауға дайындығын қалыптастыру болып табылады.


Студенттерге сессияның мәселесі бойынша педагогикалық жағдаяттар кейсімен жұмыс істеу ұсынылды. Олардың міндеті кейсте сипатталған жағдаяттарды болдырмау үшін жұмыс жоспарын құру болды. Болашақ мұғалімдер өз ойларын постерде көрсетіп, сарапшыларға ұсынды.


Форсайт-сессияның мәні проблемалық жағдаятқа еніп, өзінің құзыреттілігі мен жетістігін сезіну. Біздің студенттер тапсырманы дұрыс орындап, сарапшылардың мадақтауына ие болды.


Сессия материалдарымен танысуға болады: https://vk.com/foresight_session 

 

  

 

  

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler