қазақша · русский · english
 
 
 

Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы білім берудің 3 деңгейі бойынша (бакалавриат - магистратура - докторантура): 5В(6М,6D)010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын дайындайтын ілгері білім ордасы. Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуеті бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі саласындағы ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, қауымдастырылған профессор, жетекші ғалымдардан, жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік құралдар, бастауыш сыныпқа арналған қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтардың авторларынан құралады. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттері ағылшын тілі, информатика, музыка бойынша қосымша мамандандыруды алады.



Педагогика және психология кафедрасы педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика және психология ғылымдарының бакалавры, магистрлерін және PhD докторларын даярлайды.
Кафедрада педагогика және психология саласындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік гранттар мен республикалық, халықаралық наградалардың иегерлері, 10 педагогика ғылым докторы, профессорлар мен 9 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессорлар қызмет етеді. 2015 жылдан бастап кафедра құрамы 9 PhD докторы, жас магистарлармен, ғалым-оқытушылармен, тәжірибелі-зерттеушілермен толықты.

 

Педагогика және психология мамандықтарының студентері қосымша «Білім беру менеджменті» деген мамандыруын алады.

 

Арнайы білім беру кафедрасы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға дефектология бойынша (логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог) педагогика ғылымдарының бакалавр, магистрі және PhD доктор мамандарын дайындайды.
Арнайы білім беру кафедрасында мамандарды атақты, тәжірибелі дефектолог ғалымдар дайындайды, оның ішінде профессорлар, докторлар, магистрант аға оқытушылар бар: академик Намазбаева Ж.И., Аутаева А.Н, Өмірбекова Қ.Қ., Тайжан А.А., Бектаева К.Ж., Тулебиева Г.Н., Байтурсынова А.А., Макина Л.К., Абаева Г.А., Кошикова Ж.И., Байдосова Д.К., Тыныбаева Л.М., Даурамбекова А.А., Ибатова Г.Б, Денисова И.А, Махметова А.А., Нурланбекова А.Д., Бутабаев Л.А., Рахимова М.М т.б.
Арнайы білім беру кафедрасы дефектология мамандығының төрт бағыты бойынша студенттер дайындайды:
- Тифлопепедагогика - педагог, тифлопедагог - көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыатын педагог.
- Сурдопедагогика - педагог, сурдопедагог - естімейтін және нашар еститін балаларды оқытатын педагог;
- Олигофренопедагогика - педагог, арнайы педагог - зияты зақымдалған балалрды оқытатын, тәрбиелейтін, түзететін педагог;
- Логопедия - логопед, арнайы маман - сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды оқытатын педагог.

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші-педагог және әлеуметтік педагог мамандарын даярлауда ерекше орын алады. Кафедрада білім беру - негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: педагогика және психология, әлеуметтік педагогика, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
Қазіргі таңда кафедрада ғылыми, оқу және практикалық әрекетінде тәжірибесі мол оқытушылар қызмет етеді. Олардың ішінде: 5
педагогика ғылымдарының докторы, 14 педагогика ғылымдарының кандидаттары, 6 аға оқытушылар, 2 оқытушы жұмыс істейді.

 

 

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.Кафедрада білікті жетекші мамандар жұмыс жасайды, оның ішінде: 4 психология ғылымдарының докторы, 11 психология ғылымының кандидаты, доцент және тәжірибелі магистр- аға оқытушылар.
Психология мамандығы бойынша оқу:
студенттер мен магистранттар кәсіби тәжірибелерден өту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі:
- білім орындарының барлық түрлерінде;
- спорттық және шығармашылық ұйымдарда;
- денсаулық ұйымдарында;
- әлеуметтік қызметтерде, психологиялық даму ортылақтарында және қызметпен қамтамасыз ету орталықтарында;
- қоғамдық пікірлерді және саяси технологияларды оқыту орталықтарында ;
- кәсіпорындар мен бизнес орталықтарында;
- құқық қорғау органдары мен пенитенциярлық орындарда.
Мамандық бойынша оқыту келесі дағдыларды қалыптастырады:
- психодиагностикалық зерттеулерді жүргізуге;
- түзету-дамыту мен тұлғалық өсу бағдарламаларын моделдеу және талдау;
- психологиялық тренингтер, психологиялық кеңес беру және психопрофилактикалық жұмыстардын жүргізу.
«Бизнес психология» қосымша мамандандыруы экономика және бизнесте адами ресурстарды басқару іс-әрекетінде кәсіби дайындықты қалыптастыруға бағытталған.
«Медиация» қосымша мамандандыруы кикілжіңді және әртүрлі талас-тартыстарды альтернативті түрде ретке келтіруде қазіргі технологияларды оқып-меңгеруге бағытталған.

 

Педагогика кафедрасы жалпыуниверситеттік кафедра ретінде:

1) «Білім беру» тобының барлық мамандықтары үшін бакалавриат бағдарламалары бойынша университеттің 7 институтында оқу процесін қамтамасыз етеді;

2) педагогикалық циклдің барлық пәндері бойынша: «Педагогика», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Білім берудегі менеджмент », «Мәңгілік Ел «Ұлттық тәрбие» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (университеттің Математика, физика және информатика, Жаратылыстану және география институттарында) оқытуды жүзеге асырады;

3) 1-3-4 курстардағы студенттер практикасының барлық түрлерін басқарады.

Кафедрада 12 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 4 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 магистр, 1 лаборант. Кафедраның ғылыми дәрежесі 84.3%. Жас шамасы 49 жас.

 

7714
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler