қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2018

Алматы облыстық балалар үйіндегі спорттық сайыс

 

2018 жылдың 17 ақпанында №1 Алматы облыстық балалар үйінде «Өзін-өзі тану рухани-адмагершілік» білім беру бағдарламасы аясында 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша «Мейірім» клубына мүше 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен спорттық сайыс өткізілді.

 

Спорттық сайыстың мақсаты: балалар арасында өзара ізгілікті қарым-қатынас орнату арқылы ішкі құндылықты әлеуеттерін рухани дамытуға ықпал ету. Балалар топтарынан құрылған командалар спорттық сайысты өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылды.

 

Эстафеталық ойындарды өткізу ережесіне сәйкес сайыстың нәтижесінде 1,2,3 орында анықталып, оларға кубоктар табыс етілді.

 

Педагогогика және психология институтының директоры п.ғ.д., профессор Берікжан Әлмұхамбетов белсенді қатысқан балаларға мадақтамалар мен  алғыс хаттар табыстады.

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

 «Мейірім» қайырымдылық клубы




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler