қазақша · русский · english
 
 
 
04.06.2018

1 мамыр - балаларды қорғау күні

 

2018 жылғы 1 маусым Балаларды қорғау күні мекересіне орай Педагогика және психология институтының 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенттері Ph.D. Анар Алимбекованың жетекшілігімен «Балаға қуаныш сыйлаймыз» акциямен төмендегідей іс-шараларды жүзеге асырды.

 

Аталмыш іс-шаралардың бірі «Балаларға арналаған мерекелерді ұйымдастыру технологиясы» шеберлік сыныбы. Іс-шараға директордың орынбасары Гулжанар Арынова және оқытушылар Анар Алимбекова, Долорес Нұрғалиева және «Лидер» СҮ студенттері қатысты.

 

Шеберлік сынып барысында студенттер балаларды қорғау күнінің ерекшеліктері мен технологияларымен танысты. Яғни, балалар күніне арналған (ата-аналар үшін дәрістер, семинарлар, мамандардың кеңестері, мерекелерді, викториналар, флеш-мобтар, конкурстар, көрмелер, шеберлік сыныптар және т.б.) іс-шаралардың түрлері талқыланды.


Маңызды іс-шараның бірі «Балаларға тәттілер» акциясы. Акцияның мақсаты Алматы облыстық № 1 балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнайы тапсырыспен пісірілген тәтті тағамдар таратылып, балалардың көңілін көтеріп, мерекелерімен құттықтау.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің ашылуына 90 жыл толу қарасаңында балаларға шар таратып, мерекелерімен құттықтау мақсатында «90 балаға - 90 шар» акциясы ұйымдастырылды.


Жоспарланған іс-шараларды өткізу барысында студенттер жоғары белсенділік танытты. Бір балаға қуаныш сыйлау - мың бақыт екенін іс жүзінде жүзеге асыра білді. Жағымды іс-әрекеттерімен балалардың көңіл-күйінің көтерілгеніне өздерінің тікелей қатысы болғаны ерекше сезім қалдырды.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler