қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2018

«Жанымыз жақсылыққа толы болсын» тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара


2018 жылдың 2 қазанында Педагогика және психолгия институты Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары: PhD доктор, аға оқытушы Әсем Булшекбаева, п.ғ.м., аға оқытушы Сағыныш Ошакпаева 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1-курс (қазақ, орыс бөлімдері) эдвайзерлік топтарымен халықаралық әлеуметтік педагогтар күніне орай «жанымыз жақсылыққа толы болсын» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.


Студенттер «Әлеуметтік педагог» рөлі мен қызметі туралы жақсы білімдерін көрсетті және аудиторияға ақпаратты жеткізе алды.


Бұл іс-шара осы мамандықтағы студенттерге арналған «Әлеуметтік педагог» ұғымына толық түсінуге ықпал етті, адами құндылықтарының толығуына әсер етті.


Іс-шара барысында әртүрлі педагогикалық жағдайлар мен ойлы мәселелер көрсетіліп, әндер орындалды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler