қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2019

Экологиялық мәдениет - балабақшадан

 

17 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессоры Ақсауле Манкештің жетекшілігімен «Мектепке дейіні оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-курс магистранттарымен «Экологиялық мәдениет - балабақшадан» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

 

«Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» пәні негізінде, «Дәстүрден тыс технологияларды пайдалану арқылы мектепке дейінгі ұйым балаларының экологиялық мәдениетін дамыту» мақсатында ұйымдастырылған семинарға осы мамандықтың студенттері, магистрант пен докторанттары, кафедра оқытушылары мен басқа да қонақтар қатысты.

 

Қазіргі таңда әлемдік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаны қорғауды мектепке дейінгі жастан бастап жүргізу бағытында бес білім беру саласын қамтыған «Драма», «Ағылшын тілі», «Көркем әдебиеттің» экологиялық біліммен кіріктірілген әдістері, шетелдегі экологиялық білім берумен салыстырылып өткізілді.

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler