қазақша · русский · english
 
 
 
10.03.2016

Ақпанның 23 -ші жұлдызында 2016ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институының «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасында Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған дәрісхана ашылды. Бауыржан Момышұлының тарихи жолы мен жұмысы, қазақ халқының ұлы бюсті, стендтер, кітаптар, фотосуреттер, суреттеріменжабдықталған дәрісхана кафедраның ғана емес институтың және жалпы университет мақтанышы болып табылады.
Дәрісхананың ашылу салтатнатына университет ректоры С.Ж. Пірәлиев, бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов, оқу ісі жөніндегі проректор А.Т. Құлсариева, ректор аппаратының жетекшісі Б.У. Сманов, оқу басқармасының бастығы Г.З. Таубаева, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Б.А. Әлмұхамбетов, директордың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жөніндегі орынбасары Л.Ш. Какимова, кафедра меңгерушілері - А.Н. Ільясова, M.I. Джексембекова, T.M. Қожағұлов, С.Тәукеұлы, Қ.Қ. Жампейісова және басқа да көптеген қызметкерлер, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, дене тәрбиесі, әскери кафедралары мамандығы бойынша, «5В010400 - Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» мамандығының 1-4 курстар студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Қонақ ретінде Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, қайын немересі Ержан, Қазақстан еңбек сіңірген ардагері, Медеу аудандық кеңесінің төрағасы, әскери ғылымдарының докторы, отставкадағы полковник Ким Серікбайұлы Серікбаев, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler