қазақша · русский · english
 
 
 
23.09.2016

 

2015/2016 оқу жылында Қытай мемлекетіндегі Чаожау қаласындағы Ханшань педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының аға оқытушы Бауыржан Токтарович Найманов, Қазақстан, Ресей және Қытайда шығармашылық жұмыстарымен республикалық және халықаралық көрмелерге қатынасқан шебер, графика саласы бойынша линогравюрадан сабақ өткізіп келді.
Оқу жылы соңына қарай сол университеттің өнер галереясында жеке өзінің шығармашылық жұмыстарымен жеке көрмесін өткізді. Линогравюра пәні бойынша үздік тапсырма орындаған студенттер жұмыстарын қосып өзінің шығармашылық жұмыстар каталогын жасап баспадан шығарып алып келді. Биылғы оқу жылынан бастап Б.Т. Найманов «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасында жұмыс атқарып жатыр.

 

            




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler