қазақша · русский · english
 
 
 
28.10.2016

2016ж.25.10. Өнер, мәдениет және спорт институт қабырғасында «Intercultural communication in education» пәнінен «Main tendencies in education development of the Republic of Kazakhstan» тақырыбы бойынша  «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының п.ғ.к., профессор м.а. Қамарсұлу Ершатқызы Ибраеваның ашық сабағы өтті. Сабаққа «Музыкалық білім» және «Педагогика және психология»  мамандықтары  бойынша оқитын 3-4-ші курс студенттері мен магистранттар мен докторанттар белсенді қатысты. Айтарлықтай бұл ашық сабақ «Үздік оқытушысы - 2016» атты республикалық конкурстық іріктеу лауазымына қатысу үшін сәйкес жүргізілді.

Ашық сабағында оқытушы заманауи интербелсенді оқу әдістерін қолданды, оның ішінде - рөльдік ойын, миға шабуыл, мини топтармен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін Венн-диаграммасын қолдану және т.б.  Сабақтын сонында студенттер ағылшын тілінде «Shut De Do»  Р. Stonehill әнін орындады (аспапта соло орындаушы - Кенесбеков Талант, вокалдық соло- 3 курс студенті  Тұрсынбай Ботакөз).

Институт директоры, «2015 жылының ЖОО ұздік мұғалімі» Б.А. Әлмұхамбетов және кафедра меңгерушісі М.І. Жексембекова жылы тілек сөздерін  білдірді.

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler