қазақша · русский · english
 
 
 
15.01.2017

2016 ж. желтоқсан айының алғашқы жартысында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің арнайы шақыртылуымен Түркия мемлекетінің Стамбул қаласы, Мармара университетінің көркемсурет білім факультеті, Живопись кафедрасының меңгерушісі, доктор, профессор Мужде Аян ханым келіп, біздің университетіміздің педагогтарымен студенттерімен өз білгенімен бөлісіп, Мармара университетінің көркемсурет білім факультетінің оқыту әдістемесі, күнделікті күн тәртібі туралы лекция оқып, онымен толықтай таныстырды. Және біздің университетіміздің студенттерін Мармара университетіне білім алмасуға шақырды. Әрине ол үшін ағылшын тілінің маңызы зор екендігін де айтып өтті. Онда студенттердің 50 пайыздан астамы ағылшын тілінде білім алатындығын атап өтті. Сондай - ақ студенттер мен педагогтарға арнап акварель техникасымен шеберлік класын көрсетті.
Және де желтоқсан айының 5-8 аралығындаАбай атындағы ҚазҰПУ - нің бас ғимаратының мұражайында өзінің жеке көрмесін ұйымдастырып, өз жұмыстарының техникасымен таныстырып, түсініктеме беріп, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы мен шығармашылық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлына және де әрбір түрік сөзін қазақ тіліне айнытпай аударып аудармашылық қызметін атқарып жүрген, университетіміздің білікті докторы Әбішева Оңал Тоққұлқызына өз қолынан шыққан өнер туындыларын табыс етті. Көрме соңында Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Әлмұхамбетов Б.А. мен шығармашылық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Қожағұлов Т.М. сонау Стамбулдан ат терлетіп келген білікті де білімді Түрік қызын құр алақан қайтармай Мүжде Аян ханымның иығына шапан жауып, алғыстарын білдірді.





Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler