қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2017

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Гжель мемлекеттік университетімен (Ресей) 2017 жылы 5 қаңтарда өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісім-шарт негізінде Өнер, мәдениет және спорт институтында Гжель университетінің сәндік-қолданбалы өнер және  дизайн факультетімен  білім беру саласындағы  кәсіптік және мәдени іс-шара жүзеге асты.

Осыған орай, 2017 жылы 16 наурызда философия ғылымдарының докторы, профессор Б.К. Байжігітов атындағы дәрісханада Гжель мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдары кандидаты доцент, Ресей Суретшілер одағының мүшесі Коршунова Ирина Викторовна мастер-класын өткізді.

Ол гжель жазбасы бойынша өзінің шығармашылық жұмыстарының, Гжель университетінің студенттері мен оқытушылардың көрмелеріне ұсынып қойылатын  жұмыстарын  шеберлік сыныбында көрсетті.

Бұл шеберлік класын ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының ғылыми істер жұмыстарының, академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі директордың  орынбасары - п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова.

Осы іс-шараға институт бойынша «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі», «Шығармашылық мамандықтары» кафедраларының  оқытушылары, студенттері, докторанты қатысты.  

Суретте: «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі»" кафедраның меңгерушісі - п.ғ.к., қауым.профессоры А.С. Сманова, Гжель педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.к. И.В. Коршунова, Өнер, мәдениет және спорт институтының ҒІЖ, академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі директордың  орынбасары - п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова,  «Шығармашылық мамандықтары» кафедрасының оқытушысы - өнертану кандидаты, қауым.профессоры М.Э. Султанова.

Қонаққа Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсетуде (п.ғ.к., доцент Г.В. Лапп).

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler