қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2017

18.03.2017 ж. «Бейнелеу және сәндік қолөнері теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «6М010700/6D010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттардың ғылыми іс жұмыстары туралы және шетелдік ғылыми тағылымдамадан зерттеушілердің есептері тыңдалып ККК (координациялық-консультативтік кеңес) өтті.

 

«6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының  екінші курс магистранттары Қыстаубаева Б.К., Охапова С.Г., Дайырбаева А.К., Айтмұратова С.Д., Нүрке М.С. Эдукология университетінде ғылыми тағылымдамасынан өтіп, есептерін берді (Литва, Вильнюс).

 

Олар "Білім беру саясаты, Литва өнері мен мәдениетіне шолу, креативті даму стратегиясы» атты семинарына қатысып, сертификаттарын алып, жергілікті көрікті жерлерін көріп, өздерінің зерттеу аясында ғылыми-теориялық материалдарын жинап әкелді.

 

21.10.2016ж.- 04.11.2016ж. кезеңде «6D010700- Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс PhD докторанты Небесаева Жанар Орынбекқызы Шяуляй университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп,  Аста Вайткевичине ғылыми жетекшісінің кеңесін алып келді (Литва, Шяуляй қ.).

 

«6D010700- Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1-ші оқу жылғы PhD докторанты Әбижанова Әсем және 2-ші оқу жылғы PhD докторанты Бекболатова Құралай өздерінің зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарының  атқарған есебі тыңдалды.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler