қазақша · русский · english
 
 
 
15.06.2017

 

АБАЙ атындағы  ҚазҰПУ-де ӨТКЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

 

       06-10.06.2017ж. аралығында Орталық Азия университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінінің  Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласының білім беру мекемелерінің 25 оқытушылар үшін соның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары «Адамтану» атты Ага Ханның жобасы (ПАХЧ) бойынша «Жеке адам мен қоғам/ Личность и общество» және «Ритм және қозғалыс/ Ритм и движение» курстары бойынша семинар өтті.

         Семинарды өткізгендер: Шамбеталиева Хадиче - Орталық Азия аймағының менеджері және Кәрімов Махкамбой - академик Бабаджан Гуфуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетінің  «Мәдениет және саяси философия» кафедрасының аға оқытушы,  Худжанд қаласындағы Орталық Азия университетіндегі  «Адамтану» Ага Хан бағдарламасының  Инновациялық орталығының менеджірі. Өнер, мәдениет және спорт институтының ПОҚ-ы өнертану кандидаты, доцент Айтуарова А.Т., п.ғ.к., доцент Какимова Л.Ш., доцент Өмірзақова А.І. семинарға қатысып,  72 сағат көлемінде халықаралық сертификаттарына ие болды. Орталық Азия университеті біздің университетіміздің ғылыми фонд кітапханасына электрондық ресурс және видеоқұжатарын сыйлап,  институт  ғылыми іс жұмыстарының директорының орынбасары  Л.Ш. Какимоваға тарту етті.

       «Ритм және қозғалыс/ Ритм и движение» атты  тараудағы «Ахмет Жұбанов. Құрманғазы» тақырыбында 2017 жылдың 08 маусым айында өткен семинарда қатысушылар мен ОАУ-ПАХЧ өкілдерінің шақыруымен «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының қауымд.профессоры,  ҚР еңбек сіңірген әртісі Ерболат Жұмашұлы  Мұстафаев қатысып, домбраға арналған күйлерін Құрманғазының «Кішкентай» және «Кісен ашқан», Сейтектің «2016 жыл», Дәулеткерейдің «Қаражан ханым», Тәттімбеттің «Сырнайлы» мен «Қосбасар», Н.Тілендиевтің  «Акку» т.б. қазақ  композиторларының шығармаларын тамаша орындап, мастер класс көрсетті.

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler