қазақша · русский · english
 
 
 
16.06.2017

 

ЮНЕСКО АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 

         12-13.06.2017ж. Абай атындағы Өнер, мәдениет және спорт институтының ПОҚ-мы өнертану кандидаты, қауымд.профессор М.Э. Султанова, п.ғ.к., доцент Л.Ш. Какимова «Өнердегі әйелдердің әлеуметтік интеграциясы: диалог және көркем дағдыларын дамыту» атты дөнгелек үстелге қатысты. ЮНЕСКО бағдарламасы негізінде «Азаматтық қоғамды дамыту» қоғамдық қоры ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның шеңберінде ұйымдастырған іс-шара. Дөңгелек үстелге 20-дан астам қатысушылар, соның ішінде Қазақстан жоғары оқу орындарының, Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кеңсесінің өкілдері мен академиялық топтар қатысты.

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler