қазақша · русский · english
 
 
 
06.02.2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция өзгерістер кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2018 жылдың 2 ақпан күні 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттау мақсатында «Өнер, мәдениет және спорт» институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «Төртінші өнеркәсіптік революция өзгерістер кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстел жұмысына «Өнер, мәдениет және спорт» институтының 6М010700, 6D010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 6М041600-«Өнертану» мамандықтарының докторанттары мен магистранттары және ұстаздары қатысты.

 

Іс-шара барысында «Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры п.ғ.д. профессор Нұрдәулет Исабек Елбасының жолдауының басым бағыттарын атап кетіп, болашақ жас мамандарға жолдау бағыттарын жүзеге асыруға кеңес берді.

 

Аталмаш шара аясында, болашаққа арналған негізгі тактикалық қадамдар мен Мемлекет басшысының алдына қойылған міндеттерді орындау жолдары бойынша қатысушылар ой бөлісіп пікір алмасты.

 

      

 

  

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler