қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2018

 

«Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

 

2018 жылдың 27 ақпаны күні Қазақстан ЖОО ішіндегі алғашқы педагогикалық білім ордасының 90-жылдық мерейтойы қарсаңында Өнер, мәдениет және спорт институтының бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру мәнмәтінінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» тақырыбында жоспарланған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Жоғары оқу орны республика бойынша педагог мамандар даярлап, білім беру ісінде белсенді еңбек атқаруда. Осыған орай, аталған ғылыми-практикалық конференция мақсаты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен үшінші жаңғыртудағы заманауи өнер мен білімнің дамуына арналды.

 

Конференция жұмысына отандық және алыс, жақын шетелдік ғалымдар, қоғамдық және саяси жұмыстар бойынша қайраткерлер, білім беру ісінің қызметкерлері, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

Конференция жұмысының бағыттары:


Пленарлық отырыс:

І-секция. Өнер және білім: ЮНЕСКО стратегиясы мен принциптері

ІІ-секция. «Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы өнер мен білімнің әлеуеті

ІІІ-секция. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім: мәселелері, тенденциялары мен келешегі»

IV- секция. Өнертану мен мәдениеттанудың заманауи мәселелері

 

       

 

       

 

       

 

     

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler