қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2018

5В040900-Хореография мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

2018 жылының 29-30 наурыз күндері Астана қаласында Қазақ ұлттық хореография академиясында 5В040900-Хореография мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауыменен Астана қаласына төмендегі студенттер құрамымен жіберілді: Эльвира Петрова - 3 курс, Бибигуль Амангельдина - 3 курс, Асем Есенова - 3 курс, Эльвира Векимова - 4 курс, Сабина Абдраимова - 4 курс. Жетекшісі: ҚР Мәдениет қайраткері, Өнер, мәдениет және спорт институты, Музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы Талант Қлышбаев. Студенттердің кәсіби шеберлігі және терең білімдері құзыретті қазылар алқасының жоғары бағаланып, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Республикалық олимпиаданың лауреаттары - студент хореографтарды шын жүректен құттықтаймыз.

 

       

 

       

 

     




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler