қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2018

«Ғылым онкүндігіне» арналған көрме

 

2018 жылдың 2-12 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым онкүндігі өткізіледі. 10 күн ішінде бірқатар ғылыми іс-шаралар тоқтаусыз режимде өтеді: көрмелер, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, отандық және шетелдік белгілі ғалымдармен кездесулер және т.б.


Көркемдік білім беру жұмыстарының негізгі мақсаты тек шығармашылық потенциалды дамыту ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқының санасын модернизациялау, Қазақстандағы патриотизмді және этникалық-мәдени кодты қалыптастыру болып табылады.


2018 жылдың 3-ші сәуірінде, біздің университетіміздің мұражайында, бас ғимаратында «Ғылым онкүндігіне» арналған Өнер, мәдениет және спорт институтының ППС көрмесі ашылды. Көрмені көркемсурет, мәдениет және спорт институтының директоры Нұрдәулет Исабек және ғылыми жобалар мен нормативтік бақылаудың мониторингі бөлімінің бастығы Ғалия Кирилова ашты.


Экспозициялық көрмесі Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушыларының шығармашылық еңбегінің нәтижесі десе болады. Көрмеден бұғанға дейін қойылмаған кескіндеме, графика туындыларын кездестіруге болады. Ондағы портреттер, натюрморттар, пейзаждар, жанрлық композициялар мен - отандық мәдениетіміздің байлығын көрсетеді.

 

Көрме 2018 жылдың 12 сәуіріна дейін жалғасады

 

       

 

       

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler