қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2018

 

5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

2018 жылының 29-30 наурыз күндері Петрапавл қаласында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 5В010400 - Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен Петрапавл қаласына 3 курс студенттері: Абзал Абен, Елтінді Құдабек және Ернат Жақсылықбай жіберілді. Студенттерге жетекшілік еткен Педагог ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық кафедрасының, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ернар Оспанкулов.

 

Олимпиада нәтижесі бойынша барлық студенттер мақтау қағаздармен және медалдармен марапатталды. Х Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ - дың Бастапқы әскери дайындық мамандығыныңы студенттері 3-орынды иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз.

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler