қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2018

Н.Топалова атындағы Республикалық бишілер байқауы

 

2018 жылдың 30 наурыз - 03 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында ҚР Еңбегі сіңірген қайраткері Нұрсұлу Топалова атындағы Республикалық бишілер байқауы өтті.


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен Ақтөбе қаласына 5В040900-Хореография мамандығының 4 курс студенті Нұрбек Ботатаев және 1 курс студенті Томирис Кенжегалиева жіберілді. Жетекшісі: Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алмат Құмаржанов. Студенттердің жоғары кәсіби сахналық шеберлігі құзыретті қазылар алқасының жоғары бағаларын алып, I дәрежелі дипломымен марапатталды.


Республикалық бишілер байқауының жеңімпаздарын - студент хореографтарды шын жүректен құттықтаймыз.

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler