қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2018

Педагогикалық тәжірибеден өту бойынша қорытынды конференция

 

2018 жылдың 04 сәуірінде Өнер, мәдениет және спорт институтының педагогикалық тәжірибеден өту бойынша жалпы есептік конференциясы аясында «5В010600 - Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша түлектерінің мемлекеттік педагогикалық тәжірибеден өтуінің қорытынды конференциясы өтті.


Тәжірибе жетекшілері, оқытушылар, әдіскерлер, студенттердің қатысуымен өткен конференцияда тәжірибеден өтуші студенттер есептерімен таныстырды, тәжірибе жетекшілері мен әдіскерлердің есептері мен ұсыныстары тыңдалды.

 

2017-2018 оқу жылында әдіскерлер профессор Лора Нәрікбаева және профессор Әлия Момбек жетекшілігімен №19 жалпы білім беру мектебінде «5В010600 - Музыкалық білім беру» мамандығының 18 түлегі кәсіби тәжірибеден өтті.

 

Педагогикалық тәжірибеден өту барысында студенттер «Музыка» пәнінің жаңа білім беру бағдарламасына сәйкес ашық сабақтар өткізді. Оның ішінде үздік студент-түлектер: Балауса Бесенғали, Айгерим Мұқаман, Исломбек Иуолдошов, Абай Азат, Тоғжан Ахметованың ашық сабақтарын айрықша атап өтуге болады.

 

№19 мектепте педагогикалық тәжірибенің сәтті өтуіне директор Назира Сарсенбаева , мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Гульжахар Құдабаева және музыка оқытушысы Жанна Кузенбаева оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

 

Тәжірибе соңында түлектер Рүстем Жансерік мен Еркебұлан Дүзелбайдың жетекшілігімен, студенттер концерт формасында оқушылар мен ұстаздарға арналған «Қош келдің, Наурыз!» жалпы музыкалық-тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Кіріспе сөзбен және «Наурыз» мерекесімен құттықтаулармен кафедраның тәжірибе жетекшісі Менслу Джексембекова және әдіскер Лора Нарикбаева сөз сөйледі.

 

Концерттік бағдарламада студенттердің аспаптық музыка және би номерлерімен қатар, п.ғ.к., профессор Светлана Балағазованың жетекшілігімен музыкалық білім беру кафедрасының 1-4-курс студенттерінің хоры өнер көрсетті. Концертың соңында №19 мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі және ұстаздары студенттерге алғысын білдіріп, «Наурыз» мерекесімен құттықтады.

 

       

 

     alt=   

 

       

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler