қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2018

«Ашық есік күні»

 

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлау теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушылары мен профессорлар құрамының ұйымдастыруымен «Спартак» стадионында биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға оқушылар мен бірге ата-аналарда көптеп қатысты.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты: биылғы оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерді «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы мен жақынырақ таныстырып, кәсіптік бағыт бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру. Іс-шара барысында «ДМСПДТӘ» кафедрасының ОПҚ және 3-4 курс студенттері мен бірге «Кең дала» спорт клубының ойыншылары шеберлік сабағын жүргізді. Дәл осындай шеберлік сабағын қазақ күресішілер мен боксшылар да көрсетті.


Іс-шара өз дәрежесінде өтті. Мектеп оқушылары мен ата-налардың түрлі сауалдарына кафедраның оқтушылары нақты жауаптар беріп, осы мамандыққа түсуге шақырды.

 

       

 

       

 

       

 

      




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler