қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2018

«Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 15 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Өткізілген конференцияда «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы өз жұмыстарын ұсынды.

Конференцияда талқылауға ұсынылған негізгі бағыттар:

1. Мәдени мұраны сақтаудағы мәдениет жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасының рөлі;

2. Қазіргі заманғы технологияларды дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері;

3. Ақпараттық қоғам және 4-ші өндірістік жаңғыру кезеңдегі мәдениет;

4. Спорт заманауи қоғамның мәдени мұрасы ретінде;

5. Материалды емес мәдени мұра жас өспірімдерді жалпыға ортақ ойды дамыту жағдайындағы тәрбиелеу құралы ретінде;

6. Мәдениаралық байланыстардың кейбір мәселелері.

 

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы:

п.ғ.д., профессор Қайрат Адамбеков («Спорт тұлғаны әлеметтендіру факторы ретінде»), м.ғ.д., профессор Шәмшадин Балғынбеков («Қазіргі кездегі студент жастардың қозғалыс белсенділігінің көрсеткіштері»), п.ғ.д., профессор Алма Ильясова («30-40 жастағы ересектер адамдардың функционадық мүкіндіктері») баяндама жасады.

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler