қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2019

Университеттің 2018-2025 жылдарға арналған даму Стратегиясын талқылау жалғасуда


15 ақпанда Өнер, Мәдениет және Спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының ұжымы Абай атындағы ҚазҰПУ-да соңғы мерзімде түсіп жатқан нормативтік құжаттардың негізгі қалпыларын, атап айтса, университеттің даму Стратегиясы аясындағы оқыту әдістемесі мен технологияларын, олардың даму бағыттарын, мақсат-міндеттерін және оқу орнын цифрлық университетке трансформациялау, зерттеу университеті бағдарламаларының жобасы жөнінде, онымен қоса, әлемдік, республикалық деңгейде университеттің мәртебесін көтеретін басқа да түсіп жатқан зерделі жаңалықтарды талқыға салды. Жиынға институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Сейсенбеков қатысты.

 

Пікір талас барысында кафедра ұжымы мектептегі білім беру бағдарламалары жаңартылған мазмұнының қажеттілігіне сай, «Музыкалық білім» және «Хореография» мамандықтары бойынша магистратура мен докторантура бағдарламаларын лицензиялауға арналған құжаттарды даярлау, кафедрада өтіліп жатқан пәндердің білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде пікір алмасты.


Сонымен бірге, жиында заманауи еңбек нарқының қажеттілігіне орай, элективтік курстардың мазмұнын қайта қарау, педагогикалық практика базаларында филиалдар ашу, жұмыс берушілер мен Назарбаев зияткерлік мектептері мамандарын сараптамашы және білім беру бағдарламаларын бірге жасақтаушы ретінде жұмысқа тарту; Қазақстандағы музыка мамандығының жетекші педагогтарын, танымал хореографтарын онлайн оқыту мен семинарлар өткізу мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі атап өтілді.

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler