қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2019

IX қалалық патриоттық әндерді орындаушылар байқауы

 

20 наурызда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі музыкатанушы, композитор, профессор Өмірбек Байділдаев атындағы IX қалалық патриоттық әндерді орындаушылар байқауы өтті.


Байқауға Өнер, мәдениет және спорт институты, Музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы Ляззат Брімғазинаның жетекшілігімен «5В010600-Музыкалық білім» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты.


Студенттердің кәсіби әншілік шеберлігі құзыретті қазылар алқасының жоғары бағаларын алып, 1 курстың студенттері Серпер Берікжанның және Мейрамбек Дидардың вокалды дуэттері ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Патриоттық әндерді жоғары кәсіби деңгейде үздік орындаған үшін 1 курс студенті Жұлдызай Мұхтар мен 2 курс студенті Ақтолқын Төреханова мақтау қағаздармен марапатталды. Қалалық ән байқауының лауреаттарын - әнші-студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler